8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қараша 2019 1249 0
Өзек

ЕКІ АЙДА 15 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАНДЫ

2019 жылғы 5 қарашада Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері  қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін ұрлықпен айналысып оқиға орнынан ілезде бой тасалап үлгеретін әккі күдіктіні қолға түсірді. Ол арнайы Атырау қаласынан келіп, ұрлықты кәсіп қылуға бел шешкен гастролер екен.

Қыркүйек айы басталысымен  ол Орал қаласында еркін жүріп, көзіне көрінген велосипедтерді үптеп, сатып отырған. Еш жерде жұмыс жасамайтын 1993 жылғы, Атырау қаласының тумасы жымысқы ойларын кешкі сағат 18.00 мен түнгі сағат 23.00 аралығында жүзеге асырып отырған. Нақтырақ айтсақ, 2019 жылғы 3 қыркүйекте  бұл күдікті Қонаев ықшам ауданына қарасты көп қабатты жәйлі пәтерлі бір үйдің 2 подьезінен қара сарғыш түсті рамасы бар велосипедтің тросын қысқашпен қиып, рөліне отырып зулап кеткен.

– Мен велосипедті қатты сыммен, мықты троспен подъезд алдындағы темір бағанға байлап едім, енді міне оны да қиып алып кетіпті, – деп аң таң болған 1991 жылғы Орал қаласының тұрғыны полицияға шағымданды. Велосипед иесіне 40 мың теңге шығын келді.

Осылайша, 2 ай ішінде 15 велосипедті ұрланды. Алайда, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі мен қырағылықтары арқасында Атыраудан келген гастролер қала орталығында кезекті велосипед ұрлап жатқан жерінен ұсталды. Жедел уәкілдер атыраулық жігітті басқармаға жеткізіп, одан сұрақ жауап алу барысында ол 15 велосипедті қалай ұрлағанын мойындап, айтып берді.

2019 жылдың 9 айында шаһарда 47  велосипед ұрлығы тіркеліп, отыз велосипед  өз иелеріне кері қайтарылған.

 

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
225 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
383 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
419 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
688 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
701 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
828 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1134 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1224 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1248 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1461 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1733 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1954 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1995 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2140 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2340 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»