8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2019 1387 0
Без рубрики

ОРАЛДА АПАТТЫ ҮЙЛЕР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

Орал қаласы аумағындағы тозған және апатты үйлер мәселесі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша оң шешіліп келеді. Аталмыш бағдарлама жүзеге асырыла бастаған 2015 жылдан бастап 17 үй бұзылған. Орнына жаңа үйлер бой көтеруде. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте қала әкімі Абат Шыныбеков шаһардағы апатты үйлердің азайғанын атап өтті. 

Қазіргі уақытта уақытша қоныс аударғандар – 133 отбасы, оның ішінде жартысы  жергілікті атқарушы органның теңгеріміндегі тұрғын үйлерге орналастырылған. қалған 50 пайызын құрылыс салушылардың өздері жеке тәртіппен көшірді.

– Бүгінгі күні бағдарлама бойынша 4 үй салынып, эксплуатацияға тапсырылды. соның ішінде биылғы жылы екі көпқабатты тұрғын үй берілді. Олар – Гагарин көшесі 1 мекенжайы бойынша 12 пәтер кілті табысталса, Құрманғазы көшесі 198 мекенжайында 8 пәтер қолданысқа тапсырылды. Барлығы 68 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды, соның ішінде 25 отбасы тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар, – деді Абат Абайұлы.

Қазіргі таңда қалада 41  апатты үй бар. Биыл алты  апатты үй бұзылған. Келесі жылы бес  апатты және ескі үйді бұзу жоспарлануда.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
78 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»