8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қазан 2019 1746 0
Қоғам

ЗАШАҒАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАДАҒАЛАНДЫ

Қала әкімі Абат Шыныбеков жұмыс барысымен Зачаган кентінде болды. Кезекті шығу барысында шаһар басшысы кенттегі абаттандыру, спорт және ойын алаңы құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарын қадағалады. 


Зачаган кентінде Әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің бастамасымен жаңа тынымбақ ашу жоспарланған болатын. Аталмыш демалыс орны Жәңгір хан көшесі мен Әзірбайжан көшесінің қиылысында орналасатын болады. Қала әкімі Абат Абайұлы  Зачаган кенті әкімі Әділбек Қадыровпен бірге  аталған орында болып, тынымбақ құрылысының жоспарын талқылады.
Бұдан соң қала басшысы Балауса шағын ауданындағы кешенді спорт және ойын алаңының құрылысы  нысанына аялдады. Құрылыс «Самұрық Қазына Траст» АҚ қолдауымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталды. Кешенді алаңда қыста хоккей, жазда футбол ойнауға мүмкіндік жасалмақ. Сонымен қатар Street workout қозғалыс құралдары мен балаларға арналған ойын жабдықтары орнатылады. Жоғарыда аталғандай кешенді спорт және ойын алаңы құрылысы Зачаган бау-бақша серіктестігінде де жүргізілуде. Аталмыш алаңды орнату жұмыстарының аяқталуы қараша айының соңына жоспарланған.
Кенттегі жол жөндеу жұмыстары да қала әкімінің назарынан тыс қалмады. Қазір кенттегі Брусиловский көшесінде жаяу жүргіншілер жолы төселуде. Мердігер мекеме –  «Орал жолдары» АҚ. Жоспар бойынша жол жұмыстары қараша айының соңында аяқталады.
Сонымен қатар Сарытау шағын ауданында автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі, мердігер компания – «Түркістан Жол Сервис» ЖШС.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»