8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2019 2217 0
Қоғам

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

«Спорт – денсаулық кепілі» деген қағиданы берік ұстанған «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешеніне қарасты Республикалық жоғары техникалық колледжінің ұжымы мен студенттері әрдайым қамқорлық танытуға көңіл бөліп жүреді. Олар қайырымдылық айлығы шеңберінде облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына арнайы барып, спортты жанындай жақсы  көретін тәрбиеленушілерге ерекше қуаныш сыйлады.

Студенттерді аталмыш колледждің Кәсіптік бағдар беру маманы Аңсар Сапиев бастап барды. Жас өрендер «Молния», «Турбо», «Достық» топтарына бөлініп, «Жуылған кірді жай»,  «Қасықпен доп тасу», «Арқан тартыс», «Қаппен секіру», «Кенгуру» аталымдары бойынша берілген тапсырмаларды орындап,  жүгірді, секірді, өнерге де кезек берді. Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының қызметкері Гүлнұр Сабырқызы  ана-анасының қорғауынсыз қалған бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп,  жандарын жадыратқан, көңілдерін бір сергіткен жастарға ризашылығын білдірді.

Жарыс нәтижесінде ең үздік спортшыларға жекелей сыйлықтар, мақтау қағаздар тапсырылды. Дегенмен, бастысы жеңіс емес, достық пен бірлікті насихаттау дейді ұйымдастырушылар.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
84 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
130 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
168 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
422 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
444 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»