8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2019 1566 0
Қоғам

ҚАРИЯЛАРДЫ ҚАМҚОРЛАДЫ

Қайырымдылық айлығы аясында Республикалық жоғары техникалық колледжі ұжымы мен студенттері Орал қаласындағы  қарттар мен мүгедектер үйіндегі қамкөңіл жандарға арнап «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбымен концерт қойды. Қарияларға арнайы қызмет түрлерін ұсынды. 

        

Қасиетті жұма күні мұндағы қамкөңіл жандарға  колледж ұстаздары мен студенттері   қонаққа келіп, ән-жырдан шашу шашып, оларға түрлі қызмет көрсетті.  –  Бұл кісілер тағдырдың тәлкегімен осында келіп қалған, біздің ата-аналарымыз сияқты қариялар ғой. Қарттардың бір күнгі қуанышының өзі бізге үлкен ләззат сыйлайды. Олар бала сияқты сәл нәрсеге қуанып, болмашыға мұңаяды. Сол себепті бір сәт көңілдерін аулап, жандарын жадыратқымыз келді. Сый-сияпатымызды даала келдік,  – дейді қайырымды жандарды бастап барған Республикалық жоғары техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Руслан Қизағалиев.

Ал орталықтың тәрбие ісіне жауапты қызметкері Мария Папованың айтуынша,   мұнда тұратын қарттар мен мүгедектердің әрқайсысының тағдыры атан түйеге жүк болғандай ауыр, әрқилы. – Мұнда ешкім де еріккеннен келмейтіні белгілі. Сондықтан оларға жылы көзқарас, ілтипатты қызмет көрсету басты міндет болып табылады. Біздің қызметкерлердің барлығы дерлік психолог деу орынды. Олар өмір иықтарына артқан ауыр тағдырлы адамдардың  көңілін табуға тырысады, шама-шарқынша тұрғындардың қасы мен қабағына қарайды десем артық айтқандық болмас. Солай талап етіледі де, – дейді ол.

Колледждің белсенді студенттерінен құралған  үлкен шығармашылық ұжымның бет алысы мен өнерлері адам сүйсінерліктей. Ән дейсіз бе, би дейсіз бе, күй дейсіз бе – бәрі осында. Өнерпаздардың өнерлері бірінен бірі өтеді. Мәселен, Жандос Қанатқалиевтың орындауындағы «Қыз бала гүл», Құралай Есмағанбетова шырқаған «Тілек» әндері  қарияларды бір сілкінтті. Аңсар Сапиев «Шаршама» әнімен көрерменін ұйытса, Рауан Сұлтанов «Кавказ қызы», Арман Қалиев «Күз», «Армандастар» әндерімен  қариялардың ықыласына бөленді. Бұдан соң белсенді жастар аға буын өкілдеріне арнайы қызметтерін ұсынды. Колледждің тарих пәні оқытушысы Айкөркем Кашапова әжелердің беттерін әрлеп, бір жасартса,  колледж студенттері Нұрлыбек Жұмағұлов пен Инокентий Приходька қариялардың шаштарын сәндеп қиды.

Жастар қарттар үйіндегі ата-әжелерін ортаға алып суретке түсті. Бұл күнгі әсерлі кездесуден соң екі ұрпақ бірін-бірі қимай қоштасты.  Қарттар мен мүгедектер үйі тұрғындары атынан сөз алған Баймағанбет Батырғалиев:      – Сендер қамкөңіл қарияларға қандай қуаныш, қандай бақыт сыйлағандарыңды білесіңдер ме?! Біз енді сендерді апталап, айлап әңгіме қылып, өздеріңе, өнерлеріңе, қайырымды істеріңе тамсанып отыратын боламыз. Сабақ уақыты болса да, уақыттарыңды бөліп қарттардың көңілін көтеруге келген сендерге, өздеріңді бастап келген Руслан Қайырболатұлына алғысымыз зор. Өркендерің өссін!», – деп ақ батасын берді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

   

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
236 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
246 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
386 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
680 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
773 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1018 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1285 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1514 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1550 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1703 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1899 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2122 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2209 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2324 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2325 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»