СПОРТ НЫСАНЫ ҚАРАШАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
БҚО-дағы жас спортшыларға арналған мектеп интернат құрылысы қараша айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінде нысанның құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталған.

Нысанның іргетасы 2017 жылы құйылған болатын. Аталған спорт кешенінің құрылысын «Альтаир» ЖШС жүргізуде. Мектепке қоса бұл орында жатақхана бой көтерген. Кешенде дайындық залы, күрес залы мен волейбол, баскетбол, гандбол ойындарына арналған үш зал бар. Және халықаралық стандарттарға сай футбол алаңы да жасақталған. Деркөлдегі спорттық кешен жұмысына 80 жұмысшы тартылған. Учаскеге жауапты басшы Максим Азаровтың берген ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда жұмыс өз деңгейінде жүріп жатыр. – Монтаждау жұмыстары аяқтала келді. Асхана мен жаттығу залдарына қажетті құрылғылар орнатылуда. Сонымен қатар кешенде ішкі әрлеу жұмыстары тәмамдала келді, – деді Максим Азаров. Спорт мектебінде 7-11 сынып аралығындағы дарынды балалар қабылданады деп күтілуде. Әр сыныпта 24 жас спортшы білім алмақ. Мектеп интернаты 2 ауысымда 500 баланы қабылдайтын болса, аудандардан келіп оқитын 150 бала жатаханаға орналастырылмақ. Спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп-интернаты директорының орынбасары Асхат Шакировтың айтуынша, қазір спорт мектебіндегі оқушылар 14 түрлі спортпен шаһардың әр жеріндегі шағын залдарға екі автобуспен қатынап жүр. Бұл нысандар пайдалануға берілген жағдайда 12 мыңнан астам тұрғынның салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу