8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қыркүйек 2019 2394 0
Қоғам

ДОСТЫҚТА ШЕКАРА ЖОҚ

              Орал қаласында «Ақ Сарай» кешенінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен екі елдің достығын одан әрі нығайту мақсатында «ДОСТЫҚТА ШЕКАРА ЖОҚ: Жастар. Диалог. Мәдениет» атты халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы форумы өтті. Форумға еліміздің барлық өңірінің және Ресей Федерациясының  шекаралас аймағыныңбелсенді жастары, республикалық және облыстық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.   

           

Форум халықаралық өңіраралық жастар ынтымақтастығын кеңейту, тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтып, үздік әдістемелер, жобалармен алмасу, жастар саясаты, мәдениет, кәсіпкерлікті қолдау салаларында жастар ұйымдарының тәжірибелерін зерттеуді көздеді. Форум барысында қатысушылар үздік әдістемелік жобалармен өзара пікір алмасып, мәдениет, кәсіпкерлік қолдау салаларында жастар ұйымдарының тәжірибелерін зерттеуге арналған іскерлік кездесулерге қатысты. БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошевтың айтуынша, негізгі мақсат – жастар саясаты мәселелері саласындағы тәжірибелермен бөлісу. – Биылғы жыл «Жастар жылы», соған орай бүгінгі жастардың алдында тұрған міндеттер, олардың өз мақсаттарына жету жолдарын білу үшін дәл осындай диалогтық алаң құру аса маңызды болып табылады. Форум жастар бастамаларына тең және қолжетімді жағдай жасауды көздейді. Әсіресе, екі ел жастарының бірлесе жасалған жұмыстары нәтижесіндегі тың жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді. Форум аясында түрлі шаралар, оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Үздік тәжірибелер аймағы» секциялық жұмысы болды. Бұл жерде қазақстандық және ресейлік үздік жастар мәселесін шешуге бағытталған жобалар таныстырылды. Сол жобаларды қалай жүзеге асырады, қандай мәселелер бар, соны болашақта талқылау болады, – дейді ол. TEDx форматындағы пленарлық отырыста маркетолог, «MarketologBlog» телеграмм каналының жүргізушісі  Әлімжан Бисембаев, «Астана Хаб IT стартап халықаралық технопаркінің маркетингі және PR департаментінің  директоры  Даниэль Душманов, «AlmaU» бизнес инкубаторының директоры  Данияр Медетов, «Samruk – Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар даму қорының корпаративтік коммуникация департаментінің директоры  Мирас Иргебаев, «PIPL Networking Bureau Women’s Entrepreneurship Day Ambassador in CA and CIS» негізін қалаушы  Мерей Мустафиналар мәдениетаралық ықпалдастық, табысты стартап және бизнес жобалар мысалы, әлеуметтік жобалар, блогосфераны дамыту және басқа да тақырыптарда баяндама жасады. Пленарлық мәжілістен соң спикерлер кейс-стади, тренинг форматтарында секциялық жұмыстар өткізді.

Форум шеңберінде Ресей Федерациясының жастар саясаты саласындағы өкілетті органдары мен республикалық жастар ұйымдары және облыстық жастар ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық пен достық туралы екіжақты меморандумға салтанатты жағдайда қол қойылды. Меморандум екі елдің достығын нығайтып, оған жастар саясаты жұмысын жақсарту, жастар ұйымдары жұмысын жетілдіру бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ықпал етпек. Үш күнге созылған форумға еліміздің және Ресейдің шекаралас аймағынан 300-ге тарта белсенді жас қатысты. Осы күндері қатысушылар қаланың көрікті жерлерін аралап, спорттық және мәдени көпшілік шараларға атсалысты. Достық үйіне барып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен танысып, Жоғары аграрлық техникалық колледжіндегі  Bim технологиясы орталығын тамашалады. Сондай-ақ  Оқушылар және жастар сарайында Жастар саясаты саласына қатысты жобалармен танысты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Салтанат ТҰМАНБАЕВА, БҚО бойынша «Болашақ» корпоративтік қорының директоры:

– Форум жұмысы қоғамдағы аса өзекті мәселелерді және оларды шешу бойынша тиімді мысалдарды талқылауға, шекара маңындағы аумақтар үшін маңызы зор әлеуметтік жобалар, кәсіпкерлік, мәдениетаралық тәжірибе алмасу, ұзақ мерзімді өзара тиімді байланыстар орнатуға, жастар әріптестігін дамыт

уға бағытталған.  Форум қатысушылары сарапшылардан аса құнды тәжірибе алды деп есептеймін. Спикерлердің өз мақсаттарына қалай жеткені, қандай қиындықтарға тап болғаны, биіктерді қалай бағындырғаны жөнінде жастар өз ауыздарынан естіді. Сондай-ақ  форум қатысушылары face-to-face форматында өз жобаларын спикерлермен бірге талқылап, кәсіби білікті мамандар мен сарапшылардан ақыл-кеңестер алды. Форум форматына бүгінгі жастардың білім алуы мен жұмыспен қамтылуын талдау призмасы арқылы ұрпақтар сабақтастығындағы ерекшеліктер мәселелерін қарастыру енгізілді. Қатысушылар шығармашылық және кәсіпкерлік ой-өрістерін қолдану арқылы тәжірибе және білімдерін алмасты. Бұл жастардың жеке тұлға ретінде өсуіне, кәсіби тұрғыда қалыптасуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Форум арқылы шекара маңындағы жастар арасындағы әріптестік мәселелерін оң шешу динамикасын қалыптастыру, мәдени даму және ағарту мақсатындағы платформалар құру, жас кәсіпкерлердің көрші елдер аумағында бизнес жобаларды дамытуы үшін жағдай туғызу, өңірдерде сапалы әлеуметтік жобалардың санын көбейту күтілуде.

Гүлдана РАЙСОВА, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлім маманы:

– Форумға «ҚазИИТУ»-дың белсенді жастары аса қызығушылықпен қатысты.  Маған маркетолог Әлімжан Бисембаевтың өз саласы бойынша оқыған баяндамасы ұнады. Жалпы, нарык, нарықта ең бастысы тұтынушыға керек тауарларды сату жөніндегі ойларын ортаға салып, бағдарламалар және олардың қалай жұмыс істейтіні жөнінде құнды ақпараттармен бөлісті. Биыл Жастар жылы аясында өңірімізде жастарға бар жағдай жасалып, қолдау жасалуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
51 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
130 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
355 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
840 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1218 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1127 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1577 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2191 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2357 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2365 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2415 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2419 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2043 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2900 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2954 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2948 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3561 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3529 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3520 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3495 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3655 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»