8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қыркүйек 2019 1515 0
Қоғам

ҚЫРАҒЫЛЫҚ – ТӘРТІП САҚШЫСЫНА ТӘН

Орал қаласында тәртіп сақшысы бойжеткенді ажалдан арашалап қалды. Жас қыз көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Абырой болғанда, көпірдің қасынан жеке көлігімен өтіп бара жатқан полиция қызметкері қырағылығы мен шапшаңдығының арқасында бойжеткеннің өмірін құтқарып қалды.         

Жақында Орал қаласының полиция басқармасы айдауылдау қызметі взводының бөлімше командирі, полиция старшинасы С.Балданов өзінің жеке «Ауди» маркалы жеке автокөлігімен Орал қаласындағы «Динамо» спорт базасының қасындағы көпірден өтіп бара жатқан кезде сыртқы киімін шешіп, аталған көпірден секірейін деп тұрған 20-25 жас шамасындағы бейтаныс қазақ қызын көреді.  Көпірдің тұсынан өте беріп, айнадан қараған кезде қыздың жоқ екен байқайды. Сол сәтте ойында сол қызды құтқарудан басқа ешнәрсе болмаған тәртіп сақшысы автокөлігін шұғыл тоқтатып, әр секундтың қыз өмірі үшін қымбат екенін түсініп,  көп ойланбастан қызды құтқару үшін көпірге қарай жүгіреді. Жүгіріп келіп қараса, қыз көпірдің екінші жағына шығып, төменгі тұсындағы шығыңқы темірге отырып, қыз аяғын салбыратып, қолымен көпірдің темір қоршауынан ұстап,  өмірімен қоштасуға дайын отыр екен. Көпірден секіргелі тұрған қызды сөзге тартып, райынан қайтарғысы келіп,  оның қолынан ұстаған кезде, қыз көпірден секіріп үлгереді. Алайда полиция старшинасы С.Балданов қыздың сол қолынан қатты ұстап алып, айналасындағылардан айқайлап көмек сұрайды.  Көмекке келген белгісіз автокөліктің жүргізушісі екеуі қызды тартып шығарып алып, полиция қызметін және жедел жәрдем шақыртады. Кейін көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған азаматшаның 1988 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені анықталды. Тұрмыстың тауқыметіне төзе алмаған жас қыз өмірімен осылайша есеп айырыспақ болған екен. Артынан ажал аузынан аман қалған қыздың жүкті екені және эпилепсия ауруымен ауыратыны белгілі болды. Жедел жәрдем келгенше тәртіп сақшысы оны әңгімеге тартып, ақылын айтып отырған сәтте, қыздың талықсып бара жатқанын көреді, қолға ұстар нәрсенің жоғына қарамастан,  көмек келгенше саусағын аузына салып барынша алғашқы көмегін көрсетеді. Артынша облыстық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта құтқарылған азаматшаның жай-күйі бір қалыпты екені анықталды. Осыған ұқсас жағдай қыркүйектің 18 күні орын алды.  Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері патрульдік қызмет атқару кезінде тағы бір оқыс жағдайдың жолын кесті десе де болады. Құрамында Орал қ. ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары полиция лейтенанты Серік Сырымов және полиция кіші лейтенанты Нұрхат Сұңғатұлынан құралған  №885 жаяу патруль полиция жасағының қызметкерлері аулалар мен көшелелерді тексеру кезінде көпқабатты үйдің 8-ші қабатында балконнан аяғын төменге салбыратып отырған жасөспірімді көреді. Мұны көрген полиция жасағы дереу сол пәтерге жетіп келеді. Сөйтсе баласынының қайда отырғанынан бейхабар ана сол сәтте ғана баласының балконда отырып, қауіпті жағдайда «селфиге», өз-өзін фотосуретке түсіріп отырғанын біледі. Тәртіп сақшылары ана мен балаға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде азаматтық және қызметтік міндетін адал атқарып, кәсіби шеберлік пен қырағылық танытқаны үшін Орал қ. ПБ айдауылдау қызметі взводының бөлімше командирі полиция старшинасы Самат Сағидоллаұлы  және Орал қ. ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары полиция лейтенанты Серік Сырымов және полиция кіші лейтенанты Нұрхат Сиполла департамент басшылығы тарапынан  марапатталды.

Асылай ҒҰБАШЕВА, БҚО ПД баспасөз қызметкері

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
139 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
173 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
422 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
905 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1282 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1169 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1640 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2258 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2422 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2430 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2482 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2485 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2084 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2964 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3017 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3011 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3626 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3593 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3584 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3559 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3720 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»