БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНДУДАЕВТАР «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
«Бақытты отбасы» бағдарламасымен Батыс Қазақстан облысында алғашқы көпбалалы отбасы баспаналы болды. Бүгін Замир-Нұргүл Кондудаевтар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облысымыздағы филиалында келісімшарттарын рәсімдеді.

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Атамекен ауылындағы Кондудаевтар отбасы алты бала тәрбиелеп отыр. Олардың бесеуі – кәмелетке толмағандар. Ерлі-зайыпты Замир мен Нұргүл осыдан бес жыл бұрын, 2014 жылы жергілікті атқарушы органға тұрғын үй кезегіне тұрған. Бұған дейін өз беттерімен облыс орталығынан үй алуға талпынғандарымен реті болмапты. Ал осы жылы іске қосылған «Бақытты отбасы» олардың көптен күткен армандарының орындалуына мүмкіндік берді.
Алты балалы Кондудаевтар ауылда аналарының қолында тұрады екен. Отағасы Замир жергілікті мәдениет үйінде қызмет етеді. Отанасы – Нұргүл үй шаруасында. Замирдің айтуынша, олар осыдан 21 жыл бұрын отбасын құрған. Үлкен ұлдары Алмат қазір Мәскеуде қызметте. Ал одан кейінгі қыздары Гүлсая 11-сыныпта оқиды. Әмірхан мен Дарханы да мектеп жасында. Нұрсая атты қыздары биыл даярлық сыныпқа барған. Үйдің кежесі Рамазан – бір жаста.
– Бағдарламаға қатысу туралы шілде айының 17-сінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары хабарлады. Сол сәттен бастап үй таңдап, құжаттарын рәсімдеуге кірістік. Бағдарламаның талаптары бізге қолайлы болды. Бұған дейін салған жинағымызды алғашқы төлемге салып, екі пайыздық мөлшерлемемен үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздік, – дейді алты баланың әкесі Замир.
«Бақытты отбасымен» баспаналы болған жанұяны Орал қаласы әкімінің орынбасары Бекжан Тоғжанов пен Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының әкімшілігі құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Көпбалалы ана Нұргүл Кондудаева «Бақытты отбасы» бағдарламасына бастамашы болған Елбасына және құжаттарын рәсімдеуге көмектескен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» БҚО филиалының менеджері Кеңес Төлегеновке, заңгер Айнагүл Садырғалиқызына көпшілік алдында алғысын білдірді.
Балалардың әжесі, Замирдің анасы Мағрипа Қалмақбайқызы да 10 баланы дүниеге әкелген батыр ана. Ол да бүгінгі қуанышты сәтте перзенттерінің жанынан табылды. 83 жастағы кейуана елімізде қоныстойлардың көп болуын тілеп, ақ батасын берді.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі БҚО филиалы директорының міндетін атқарушы Нұржан Қалишановтың айтуынша, биыл республика бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд. теңге бөлінген. Бүгінге дейін 4831 өтінім қабылданып, 2382-сі мақұлданған. Ал біздің облыс бойынша 112 несиелік өтінім қабылданып, оның 52-сі мақұлданған.
Айта кету керек, «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына көпбалалы, жалғызбасты және мүгедек баласын бағып отырған тұрғын үйге мұқтаждар ретінде жергілікті атқарушы органда үй кезегінде тұрған отбасылар қатыса алады. Несиенің жылдық мөлшері небәрі 2 пайыз. Батыс Қазақстан облысы бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Биылғы жылы бағдарламаға қатыса алмаған отбасылардың келер жылы өтініш берулеріне мүмкіндігі бар. Аталған бағдарлама 2021 жылға дейін әрекет етеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу