8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2019 1912 0
Қоғам

ТАСАДА ЖҮРГЕН ТАЛАНТТАР

Екі-үш ай бұрын Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы осындай атаумен жаңа жобаны қолға алғанын жариялаған болатын. Жоба шеңберінде жарқ етіп сахнаға шыға алмай жүрген өнерлі жандар Қадыр орталығына шақырылды. Үш ай бойы жүргізілген жоба шеңберінде іріктеуден өткендер 17 қыркүйек күні орталықта ұйымдастырылған гала концертте өнерлерін паш етті.  

– Жоба түрлі салада тіршілік қамымен жүріп тасада қалған кейбір жерлестеріміз үшін қолға алынды. Ән, би, аспапта орындау немесе бейнелеу өнері саласынан көптеген таланттар жиналды. Осы жоба арқылы олардың жаңа тыныстарының ашылуларына мүмкіндік сыйласақ  біздің мақсатымыздың орындалғаны, – дейді орталық директорының орынбасары Мәди Сабыр.

Кеш барысында жоба қатысушылары классикалық, эстрадалық жанрда ән айтты. Мың бұрала билегендер де, күмбірлетіп күй шерткендер де табылды. Сондай-ақ қылқалам шеберлерінің туындылары жұрт назарына ұсынылды. Мәселен, медицина саласында қызмет атқарып жүрген білікті дәрігер Нұрлан Байыров көпшілік алдында бір көрерменнің портретін салып таң қалдырды. Ал қоршаған ортаны қылқаламымен сөйлетіп жүрген Ғинаят Дауылбаев есімді өнері иесінің жеке сурет көрмесін алдағы уақытты Қадыр орталығы өткізіп бермек.

Қадыр ақынның орталығына жиналған көрермендер үшін бұл кеш түрлі тосынсыйларға толы болды. Жұртшылық ел ішіндегі дарындардың өнеріне ризашылықтарын қошеметтерімен білдірді. Сондай-ақ жоба қатысушылары орталық директоры Б.Халиолланың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»