46 ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ
БҚО-да ҚР-ның Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 46 шетел азаматы республика аумағынан шығарылды.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзушылық фактілерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылы қыркүйектің 9-12 күндері аралығында облыс аумағында «Нелегал-Арна-Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-профилактикалық іс-шараның төрт күнінде 445 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде шетел азаматтарымен 368 құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасының азаматтарымен 77 құқық бұзушылық жасалған, 46 шетел азаматы ҚР аумағынан шығарылды.
Сондай-ақ ЖПІШ барысында Бөрлі ауданы Полиция бөлімінің Көші-қон полициясы қызметінің қызметкерлерімен Ақсай қаласындағы дүкендердің бірінде заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдалану фактісі анықталды. Дүкеннің иесі ҚР-ға тиісті құжаттарсыз келген шетел азаматтарын бірнеше рет жұмысқа тартып отырған. Қазір жұмыс берушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 395-бабы (ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ БҚО ПД Қазталов полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР азаматының мемлекеттік шекараны заңсыз өту бойынша бір факті анықталған. Құқық бұзушыға қатысты ҚК-нің 392-бабы 1-бөліміне сәйкес (ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу