«КІТАПХАНА – ТАҒДЫРЫМНЫҢ ТЫНЫСЫ»
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның концерт залында саналы ғұмырын кітапхана саласына арнап келе жатқан осы саланың ардагері Гүлжан Жұмақаеваның 70 жасқа толуына арналған «Кітапхана – тағдырымның тынысы» тақырыбында мерейтойы өтті.



Адамзаттың қолымен жасалған ұлы байлығының бірі – кітап. Осынау баға жетпес қазынаны халыққа жеткізу жолында облыс кітапханаларының көшбасшысы болып келе жатқан Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананы 1982-1999 жылдары, 2000-2008 жылдары басқарған директор, білікті басшы, Түркияда өткен халықаралық кітапханашылардың басын қосатын ИФЛА конференциясының делегаты, Қазақстан кітапхана қызметкерлерінің ІІ съезінің делегаты, Батыс Қазақстан облысы мәдениет саласының, кітапхана саласының ардагері – Гүлжан Төлегенқызы күні бүгінге дейін Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің кітапханасында жұмыс істеп, жас ұрпақтың сапалы білім алуы мен саналы ғұмыр кешуіне атсалысып келеді.
Өзінің өнегелі ғұмырында кітапханашы мамандығына адалдықты, сүйіспеншілікті ізін басқан жастарға үлгі қылып көрсете білген жандардың бірі – Гүлжан Төлегенқызы кітапхана ісін алға дамыту мақсатында аянбай еңбек етті. Жаңа технологияны кітапхана ісіне енгізудің бастамашысы болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында республикада ең алғашқылардың бірі болып қазақ және шетел тілдерін меңгеру курстарын ұйымдастырды, құжаттарды қазақ тіліне аудару қызметін жолға қойды. «Ауыл энциклопедиясы – Шағын Отан» жобасы аясында барлық аудандардың, әр ауылдың тарихын хаттап, ауыл энциклопедиясын жасақтады. Ресей мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы «Шекарадағы кездесу» жобасы қолға алынып, шекаралас орналасқан аудандармен тығыз кітапханалық ынтымақтастық жолға қойылды.
Кеш барысында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, Гүлжан Төлегенқызының туған жері – Қаратөбе елінен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғ.Қайырғалиев, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.Ғабдушев, өлкетанушы, тарихшы Ж.Ақбай, мәдениет саласының ардагері С.Анищенко және еліміздің бас кітапханасы ҚР Ұлттық кітапханасынан келген директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары А.Юсупова мерейтой иесін құттықтап, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар кеште сөз алған бизнесті басқаруға қабілетті, жоғары білімді, білікті мамандар даярлауда елеулі тәжірибесі бар беделді оқу орны кешенінің президенті, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) Батыс Қазақстан филиалының төрағасы, Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ұлттық инженерлік академиясының мүшесі, профессор А.Әйтімов, мерейтой кешіне арнайы Астана қаласынан келген Гүлжан Төлегенқызының апасы Гүлбаршын Жұмақаева, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері М.Шүйіншәлиева, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапхана директоры Ш.Уразаева, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры З.Утешева, Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Уәлиахметова, жоғары және арнаулы оқу орындарының өкілдері мен қаладағы мектеп кітапханашылары құттықтап, игі тілектерін жеткізді.
Шара барысында кеш кейіпкерінің өмірі мен атқарған қызметі туралы «Ізгіліктің үрдісі, кемелдіктің кеңесшісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнефильм қатысушылар назарына ұсынылды.
Аягүл НУФТУЛЛИНА, Ж.Молдағалиев атындағы БҚОӘҒК-ның Қоғаммен байланыс және көпшілік жұмыс секторының жетекшісі








Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу