8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2019 2483 0
Дені сау ұлт

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ҚОСЫМША ИММУНДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

16 қыркүйектен бастап Батыс Қазақстан облысында 20-29 жастағы адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары хабарлады.

Вакцинацияға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері мен жеке құрамы, сотталғандар мен тергеумен қамауға алынғандарды қоса алғанда, 20-29 жас аралығындағы барлық адамдар, егу мәртебесіне қарамастан болатын жері бойынша вахталық әдіспен еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар жатады.

Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, 2018-2019 жылдары қызылшаға және қызамыққа қарсы егілгендігі туралы құжаттамалық  растауы бар адамдар, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдер қызылша мен қызамыққа қарсы профилактикалық егулерге қосымша иммунизацияланбайды.

Азаматтық халықты вакцинациялау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде жүргізіледі. Қосымша иммундауды жүргізудің қажеттілігі республиканың барлық аумағында және  әлемде қызылша ауруының тіркелуінің жалғасуымен байланысты.

Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Р.Құбатаевтың айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының 2019 жылғы 30 шілдесіндегі деректеріне сәйкес 130 мыңнан астам қызылша ауруы тіркелген. Соның ішінде 53 мемлекеттің 49 өңірінде қолайсыз жағдайлары тіркелді. Бұл ретте Қазақстан Украиндан кейінгі екінші орында. Нақтырақ айтсақ, Украинада 84 394 жағдай, Қазақстанда 9 430 жағдай тіркеліп отыр. Қазақстан Республикасында қызылша бойынша  асқынудың эпидемиологиялық жағдайы 2018 жылдың қараша айынан бастау алған, 2019 жылы аурудың өршу мерзімі қантар-ақпан айларында байқалады.

– Ағымдағы жылы облыста қызылшаның 119 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 83-і – зертханалық расталса, 36 жағдайда  науқаспен эпидемиологиялық байланыста болғандығы анықталды. 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 45,4% құрады (54 жағ.), 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 18,3 құрайды. Аурушаңдық 6 әкімшілік аумақта, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 75 жағдай, Бәйтерек ауданында – 23 жағдай, Бөрлі ауданында – 7 жағдай. Бөкейорда ауданында – 6 жағдай, Сырым ауданында – 4 жағдай, Теректі ауданында – 4 жағдай тіркелген, – дейді Ринат Құбатаев.

Аурудың жоғары көрсеткіші 20 жастан асқан егілмеген тұрғындар (ауырғандардың 44,4% 20 жастан асқан адамдар) және 1 жасқа дейінгі егу жасына жетпеген балалар (46,2%) арасында тіркелуде. Департамент басшысының айтуынша, иммундауды профилактикалық егулер жүргізуге рұқсаты бар медициналық қызметкерлер жүргізеді. Облыс бойынша 20-29 жас аралығындағы 64 700 адамды қосымша иммундау көзделіп отыр.

20-29 жас аралығындағы тұлғаларға қосымша иммундау жүргізу үшін облыста денсаулық сақтау мекемелерінде 241 стационарлық егу пункті жұмыс істейді. 119 егу бригадасы дайындалған. Қажеттілікті қамтамасыз ететін тоңазытқыштардың жалпы саны – 497. Жекелеген учаскелерде халықты қосымша иммундау үшін облыста 118 елдімекенге қызмет көрсететін 130 көшпелі бригадалардың жұмысы ұйымдастырылған.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибютері арқылы сатылып алынған қызылша мен қызамыққа қарсы вакциналар қыркүйек айының ортасында 71 200 доза мөлшерінде  келіп түседі. Қызылша мен қызамыққа қарсы  вакцина – үндістан елінде өндірілген, ДДСҰ ұсынылған екікомпонентті вакцина болып табылады. Ресейде өндірілген тұмауға қарсы вакцина  65 000 доза мөлшерінде (2019 жылдың қыркүйек айында – 60480 доза, қазан айында – 4520 доза) келіп түседі деп күтілуде.

Қызылша  – дене қызуының жоғарылауымен, катаральды белгілермен жөтел, мұрынның бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын жіті вирусты жұқпалы ауру. Қызылшаның алғашқы белгілері – жалпы шаршағандық, дене қызуының жоғарылауы, бастың ауруы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, конъюнктивит, жөтел. Негізгі белгілері – дененің барлық бөлігінде бөртпе, бірінші бастан басталып, дененің төменгі бөлігіне және аяққа таралады. Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты ауыр асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Қызылшадан жалғыз тиімді қорғану бұл вакцинация болып табылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
90 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
305 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
793 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1169 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1093 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1530 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2145 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2312 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2319 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2369 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2372 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2010 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2854 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2907 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2904 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3512 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3483 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3471 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3450 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3611 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3657 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»