8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Тамыз 2019 1793 0
Өзек

АЛАЯҚ ӘЙЕЛ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ТАҚЫРҒА ОТЫРҒЫЗЫП КЕТТІ

«Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыпты» дегенге сай келетін мына бір жағдай Орал қаласында орын алады. Қолындағы бар жиған-тергенін алаяқ әйелге санап берген тұрғындар үй де жоқ, ақша жоқ болып, сандарын соғып қала береді.

Орал қаласында кепілдікте тұрған арзан пәтерлерді алып беремін деп алдаған әйел қолға түсті.  Ол бір-екі бөлмелі пәтерлерді 2-5 миллион теңгеге бағаласа, екі-үш бөлмелі пәтерлер үшін 5-7 миллион теңге айналасындағы бағаны сұраған. Бұл дегенің нарықтағы бағадан екі, үш есеге арзан баға. Оған мұндай жетістікке жетуіне кезекті «пирамида» жүйесі көмекке келсе керек. Тұрғын үйдің кілтін алмастан, адамдар бірі туысқанына айтып, бірі дос-жарандарына жеткізіп,  шақыра бастайды. Тіпті, алданып, бармақ тістеп қалғандардың бірі 7,2 миллион теңге ақшасынан айырылып қалады.  Айлакер банкте кепілдікте тұрған арзан бағадағы пәтерді алып беру мүмкіндігі барын айтып, әйелдің қолындағы жиған-тергенін сыпырып алып, тақырға отырғызып кетеді.

Осылайша жекеменшік баспанасы болғанын армандағандардың саны 20-ға жетіп жығылады. Әлі де арыз түсіріп жатырғандар да бар. Алданғандардың қатарына зейнеткерлер, кәсіпкерлер, мұғалімдер,  мемлекеттік қызметкерлер де кіреді. Олардың ең азы 500 мың теңге берсе, ең көбі 7,2 миллион теңге сомасын құрайды.

«Адам айласы ішінде» деп текке айтпаса керек. Алаяқ әйел жалға пәтер алып, пәтер алушыларға  бұл пәтердің кепілдікте тұрғанын және оны алып беруге мүмкіндігі барын айтып көздерін жеткізеді. Тіпті пәтерді көрместен, құр суреттерін көріп қана ақшаларын санап бергендер де жоқ емес.

Бұл факті бойынша Орал қалалық полиция басқармасының бастығының орынбасары М.Төребек: «- Бізге арыз түсірушілердің кейбірі жылдап күткен. Алаяқ әйел олармен үнемі байланысқа шығып, құжат толтыруда белгілі бір қиындық туғанын айтып, әйтеуір қол жеткізетінін айтып сендіріп келген. Қазіргі уақытта аталған 36 жасар әйелге қатысты ҚК-нің 190-бабы 3-бөліміне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті азаматша тергеу изоляторына қамауға алынды. Ол бұған дейін алаяқтық қылмысы үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған» –  дейді полиция подполковнигі.

Зардап шекендер ақшаларын қайтарып беруін сұрап,  тұрғын үй сатып алуларын қалайды. Алайда күдікті азаматша ақшасы жоғын айтып ақталуда. Алаяқ әйел зардап шегушілердің 54 миллион 450 мың теңгеге жуық ақшасын қайтарып беруі тиіс. Бірақ оның бұл қаржыны қалай, қашан қайтаратыны белгісіз.

Бұл ретте құқық қорғау органдары мынадай ақыл-кеңестер береді: Жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу кезінде барлық операцияларды, сондай-ақ ақшалай қаражаттарды қарызға алуды тек нотариус арқылы рәсімдеңіз. Келісімшарттың барлық тармақтарын мұқият оқыңыз. Келісімнің барлық ережелерімен келіскенше және түсінікті болғанша ешқайда қол қоймаңыз. Сізге түсініксіз болса түсіндіруді өтініңіз. Егер де келісімшартың қандай да бір тармағы жазбаша көрсетілмесе, тек ауызша болса, онда сізді алдау әрекеттері жүзеге асып жатқанын түсінуіңіз керек. Әрқашанда компанияның мекенжайын, телефонын және басқа да байланыс түрлерін нақтылаңыз, ол туралы интернет ресурстары арқылы анықтама алуға тырысыңыз. Иә, алаяқтың арбауына түсіп, жиған дүние мүлкіңізден бір күннің ішінде айрылып қалғыңыз келмесе құқық қорғау органдарының жоғарыдағы ақыл-кеңесіне құлақ асқан жөн.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
85 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
149 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
384 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
866 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1244 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1145 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1603 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2219 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2384 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2391 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2442 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2447 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2060 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2926 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2980 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2974 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3587 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3555 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3546 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3522 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3682 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»