8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Желтоқсан 2018 1778 0
Қалалықтар қаперіне

«7-20-25»: ОРАЛДА 253 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

«7-20-25» әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндігі» бағдарламасы аясында Орал қаласында жыл соңына дейін 253 пәтер беріледі. Бүгін облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев аталмыш бағдарламаның өңірде жүзеге асырылуы туралы мәлім етті.  

– «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша қабылданған «7-20-25» бағдарламасында баспана алудың тиімді жолдары көрсетілген. Бағдарлама қабылданған қыркүйек айынан бері екінші деңгейлі банктер 108 азаматтың өтінішін мақұлдап, 900 миллион теңге несие берді. Жыл соңына дейін 253 пәтер тапсырылады. Ал келер жылы қазір құрылысы жүріп жатқан 7-8 нысан тапсырылып, 1000 пәтер осы бағдарлама аясында берілетін болады, – дейді Алтынбек Қайсағалиев.

Осы аптаның соңында «Орал Полимер» құрылыс компаниясы «Жеңіс» шағынауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын аяқтайды. Мұнда 216 пәтер бар. Жобаға сәйкес пәтерлердің сыртқы есігі салынып, сыртқы терезелері әйнектеледі. Қабырғаларына сылақ жүргізіледі. Пәтер иесі құжаттарын рәсімдеген соң, ішкі құрылысын әрлеп, өз қалауларынша өзгертулеріне болады. Пәтердің бір шаршы метрі – 170 мың теңгеден есептеледі.  Серіктестік заңгері Самат Жортабев осы аптаның соңынан бастап азаматтардың пәтерлерді таңдауына мүмкіндік жасалатынын жеткізді. Өтініш иелерінің мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес баспананы алу мүмкіндіктерін қарастыруына құқығы бар. Бірақ, бірінші кезекте «7-20-25» бағдарламасы бойынша құжат тапсыруға басымдық беріледі. Пәтерлерді таңдау үшін «Орал Полимер» ЖШС кеңсесі орналасқан С.Тюленин көшесі 47/1 мекенжайы 209 бөлмеге жолығу қажет.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
191 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
158 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»