«7-20-25»: ОРАЛДА 253 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
«7-20-25» әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндігі» бағдарламасы аясында Орал қаласында жыл соңына дейін 253 пәтер беріледі. Бүгін облыстық құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев аталмыш бағдарламаның өңірде жүзеге асырылуы туралы мәлім етті.

– «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша қабылданған «7-20-25» бағдарламасында баспана алудың тиімді жолдары көрсетілген. Бағдарлама қабылданған қыркүйек айынан бері екінші деңгейлі банктер 108 азаматтың өтінішін мақұлдап, 900 миллион теңге несие берді. Жыл соңына дейін 253 пәтер тапсырылады. Ал келер жылы қазір құрылысы жүріп жатқан 7-8 нысан тапсырылып, 1000 пәтер осы бағдарлама аясында берілетін болады, – дейді Алтынбек Қайсағалиев.
Осы аптаның соңында «Орал Полимер» құрылыс компаниясы «Жеңіс» шағынауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын аяқтайды. Мұнда 216 пәтер бар. Жобаға сәйкес пәтерлердің сыртқы есігі салынып, сыртқы терезелері әйнектеледі. Қабырғаларына сылақ жүргізіледі. Пәтер иесі құжаттарын рәсімдеген соң, ішкі құрылысын әрлеп, өз қалауларынша өзгертулеріне болады. Пәтердің бір шаршы метрі – 170 мың теңгеден есептеледі. Серіктестік заңгері Самат Жортабев осы аптаның соңынан бастап азаматтардың пәтерлерді таңдауына мүмкіндік жасалатынын жеткізді. Өтініш иелерінің мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкес баспананы алу мүмкіндіктерін қарастыруына құқығы бар. Бірақ, бірінші кезекте «7-20-25» бағдарламасы бойынша құжат тапсыруға басымдық беріледі. Пәтерлерді таңдау үшін «Орал Полимер» ЖШС кеңсесі орналасқан С.Тюленин көшесі 47/1 мекенжайы 209 бөлмеге жолығу қажет.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу