8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2019 3900 0
Қоғам

«АЛАШТАН» АҚ АЛҒЫС!

Сәуір айы бойы «Алашыммен» құттықтап, жаныма шуақ сыйлағанардақты халқым, ел-жұртым, баршаңызғаниетім шалқасынан екенін айтып, шынайы алғысымды жаудыра отырып, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын!
Былтыр дәл осындай сәуір айында жекешығармашылықкешіме келгенде ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, драматург Дулат Исабеков пен ҚР Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов: «…Қазір жазушыға бір-ақ нәрсе керек. Ол – елінің амандығы, жұртының тыныштығы, халқының бақыты. Осы үш нәрсе де Мираны алақанына салып тұр» деп еді сахнада сайрап. Қаламгер қос ағамдөп айтыпты. Ел-жұртымның амандығы, ана мен баланың тынышұйқысы, жастардың күміс күлкісі, азаматтардың қиналғанда қасымыздан табылып, Отан-Ананы оттан, судан, шөлден, көлденеңнен қорғайтын батылдығы, жақсылық атаулының бәрі-бәрі мен үшіналтыннан да бағалы бақыт! Сондықтан, ардақты ЕЛІМ, ХАЛҚЫМ, ЖЕРЛЕСТЕРІМ, ҚАЛАМДАСТАРЫМ, ӘРІПТЕСТЕРІМ, АҒАЙЫН-БАУЫРЛАРЫМ, осынау мамыражай мамырымызсіздердің үйлеріңізге қарлығаштыңұясындайынтымақ, ырыс-құт, бірлік- берекесін берсіндеп тілеймін.
Қадірлі Ел-жұртым, Сіздердің маған деген кеңпейілшапағаттарыңыздыкеше Халықаралық «Алаш» әдебиет сыйлығын алған сәтімдеде сезіндім.Әлеуметтік желілер арқылы және тікелей өзіме жолданғантілектеріңізді тыңдап,жанымжайланды. Жүзім нұрланды. Ұшақтан аман-сау түсіп, Алматы қаласының көшесіменкетіп баражатсам, ұялы телефоным шырылдады тағы да. Бұл жолы экранның бетіне «Облыстық әкімдік» деген жазу атып шықты. «Мира Хамзақызы, сәлеметсіз бе? Облыс әкімі сізді іздеп жатыр. Қазір қосамын». Елдің бәрімен қоян-қолтықжұмысістейтін хатшының даусы.Жүрегім лүп-лүп… Былтыр да кешімнің қарсаңында осы телефон арқылы сөйлесіп: «Ар азабы» мен «Ақынның тағдыры» ғұмыры ұзақ шығарма. Кітабыңызды оқи отырып, пьесаларыңызға келгенде басымды көтере алмадым. Әрі қарай оқи түстім» деп еді Алтай Сейдірұлы. Араға бір жыл салып, тәуір айы – сәуір айында: «Мира Хамзақызы! Халықаралық Алаш сыйлығыңызбен шын жүрегімнен құттықтаймын. Сіз бұл марапатқа әбден лайықтысыз! Барша батысқазақстандықтар атынан Сізге шығармашылық табыс, отбасыңызғаамандық тілеймін» дейді Жайықтың ақ сәлемін жолдағанарда азамат Алтай Көлгінов.
Төбем көкке жетті. Ылғи да төбесі ақ қардай болып жататынақбасАлатау, ертеректе бауырына баспағанмұздай Медеу,жасыл кілемдей тәкаппар таулар дәл осы мезетте маңдайымнаниіскеп,еркелетіп, бауырына басып, «Ақ Жайықтың ғана емес, Алты Алаштыңжазушы қызы, қош келдің» деп сәлемдесіп тұрғандай болды. Біресе көзге қуаныштан ыстық жас келеді, біресе көңіл көктемдей құлпырып, көркейеді. Алланың әміріне шек бар ма?! Баяғыда бала қиялым Құм-Нарынның ыстық топырағын басқан сайын Алматыға қарай елеңдеп, алып шаһарда оқып-бойжетсем, мықтылармен иық тіресіп қалам тербетсем дейтін. Арман алдамайды,сірә?Дәл қазір Алматыдағы көкелерімнің, тәтелерімнің көз алдында жүрмесем де,бәйтерегі жайқалған саябақтарында серуен құрмасам да, атынан ат үріккен дырдай ақын-жазушылардың, мүйізіқарағайдай ғалымдардың бармағым майысып жылдар бойы жазған еңбегімді, шығармаларымды елеп-ескергеніне, қаламгерлік еңбегімежоғары баға бергендеріне тәубә айтамын. Шүкір етемін.Жазушы болу, ішкі жан-дүниеніңді қағаз бетінде сөйлету, түрлі образдарды қиял жетегінде ойнату, көркемдеп, сомдау, шығарманы шарықтау шегіне жеткізіп, тоқетер ойды бұлбұлдай сайратуоңай шаруа емес.Мақала жазғанда қиналып қаламыз дейді Гүлжиһан Ордадай ғылым докторлары. Атақ-даңқсыз да шын жүйрік құлыншақ құсап тау-тасты шарлай бермей ме. «Алаш» тұрмақ, бұдан да аласалау сыйлықтарды күтпесем де кітаптан соң жаңа кітап жазып, қарапайым оқырмандардан алғыс алдым. Мен үшін ең басты марапат осы ғана!Былтыр «Әдебиет» порталы жариялаған «Қиындықтан шығудың бір ғана жолы – жазу» атты сұқбатымда да біраз жайттың сырын ашық айтқанмын. Ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспін. Танымал жазушы Мағира Қожахметоватаяуда «Егемен Қазақстан» басылымына«Ар-ұят анатомиясы» депмен жайлы көлдеймақаласын жариялады. Мың болғырМағира тәтемжазушылық өнерімніңтаңдайғасоратын тәттікәмпиттейжеңілжолмен келмегенін жазыпты.Кеше «Алаш» сыйлығын алған сәтімде Жазушылар Одағындағы аузы дуалықаламгерлер: «Өкініш» повесіңе берілу керек еді бұл сыйлық. Бірақ та, болашағы бар бала ғой, әлі де жазар, бәйгеніде алардедік. Айтқандай-ақ,драматургияжанрындабағыңды сынап, үміт отын жақтың» деді. «Жақсы сөз – жарым ырыс». Мақтанудан бөлек, жанкештіеңбегімнің әр дәнін адал жеп отырғанымды айтуға хақым бар. Академик ЗейноллаҚабдоловтың «Әдебиет–ардың ісі» деген асыл сөзін аузымнан тастамайтыным содан…
«Мирашжан, бұл ұзақ жылдар бойы жазып келе жатқан еңбегіңніңжеңісідеп білеміз. Сізден тағы да тың дүниелер күтеміз»деген БҚО мәслихатхатшысы, сыйлы азаматМәлік Құлшардыңжан жадыратар жылы сөзі телефонныңүніарқылықұлағыма жетсе, дәл осындай ыстық-ықыластыҚР Парламенті Сенатының депутаты, менің сүйікті оқырманым әрі қолдаушым, кітаптарымды өзі оқып қоймай Нұр-Сұлтандағы зиялы қауымға, мәжілісмендерге насихаттап жүрген Нариман Төреғалиев, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Ақ шағала – Ақұштап Бақтыгереева сынды көптеген бекзаттарым да жеткізді. Өкшем көтерілсе болдыбөріктерін аспанғаатып қуанатын, қуана білетінзиялы қауымға, ұлт жанашырларына, әріптестеріме айтар алғысым ұшан-теңіз. АстанамызНұр-Сұлтаннан, Сыр бойынан, Тараз, Ақтөбе, Атырау, Ақтау өңірлерінен жеткен шынайы тілектерді тізе берсем, ел-жұрттың бәрін жазып кетермін. Бәріне,бәріне басымды иіп алғыс айтып, ойымды осы жерден түйіндейін.
Айтпағым, әдебиет әлемінде Жайығымның жалауын желбіреткен «Алашым» ұзағынан сүйіндірсін. Тәңірдің тылсым күші тарту еткен қарымды қаламымныңқайырын, ырыздығынкөктен берсін. Шабытыма шалқар шабыт қоссын.Халқыма қаламыммен қызмет етіп, Жайығымның жағасында жазушылық өнерімді өрістетуге Алла нәсіп етсін. Сұлу сөзден ой маржанын, гүл жауһарын теріп,Миратайың болып жандарыңда жүруге жүйрік уақыттың дәм-тұзы бұйыртсын… Баршаңызғаамандықтың ауылында жадырап-жайнап жүруге, тірліктің тәтті балын татуға Құдіретті Рамазаны айы – Оразаның алдында алақанымды жайып дұға оқып, баянды бақ тілеймін. Сіздерге ашық аспан, сәнді-мәндіөмірсұраймын. Тілегім – аспандай берсін алтын басың, арта берсін абырой-даңқың асыл халқым!

Құрметпен: Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА, Орал қаласы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
48 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
366 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
374 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
506 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
804 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
900 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1138 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1404 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1633 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1668 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1821 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2018 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2241 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»