659 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер саны жыл сайын артуда. Қазір Батыс Қазақстан облыстық филиалы арқылы 659 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыстық филиал арқылы 300 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Пандемия басталғалы бері көптеген қызметтер онлайн форматқа көшті. Дегенменде ХҚО-ға жүгінушілер саны азаймай отыр. Азаматтарды қабылдау кезекті алдын-ала брондау арқылы жүргізіледі. Жартыжылдықта 72 334 ЭЦҚ беріліп, 36 879 автокөлік құралы, 28 933 жылжымайтын мүлік нысаны тіркеуден өткен. Бұл облыс тұрғындары ең көп жүгінетін мемлекеттік қызметтер», – дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.
Аймақта 17 халыққа қызмет көрсету бөлімі мен бір мамандандырылған бөлім жұмыс істейді. Жақын арада Орал қаласында ХҚО бөлімдеріндегі кезекті азайту мақсатында 10 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылды.
Айта кетейік, ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондау арқылы келген қызмет алушылар Ashyq жүйесі арқылы тексеруден өтеді. Азаматтардан арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, санитарлық нормаларды сақтауды сұраймыз.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу