65 ЖАСТАН АСҚАН АДАМДАРДЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы 65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға қатысты өндірушінің ресми ақпаратының негізінде, медициналық қарсы көрсетілімдерін (созылмалы аурулардың, аллергиялық реакциялардың және өзге де қарсы көрсетілімдердің болуы) ескере отырып, осы жас ерекшелік санатындағы адамдарды вакцинациялауға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысына қол қойылды», – деді Е. Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакциналау науқанына қатысты түсінік берді.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. Қазіргі кезде бірінші компонентпен 20 157 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен вакциналау басталып, 2 137 адамға екпе жасалды, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсері, яғни коронавирусқа қарсы антиденелер дозаны алғаш қабылдағаннан кейін 12-14 күннен соң басталады.
Толық иммунитетті қамтамасыз ету үшін 21 күндік аралықпен екі компоненттен тұратын вакцинацияның толық курсын алу керек.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу