6 ТАЛАПКЕР ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНМЕН ҰСТАЛДЫ
16 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тестілеу ағымдағы жылдың 16-19 қаңтар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, облыстың Қаратөбе, Сырым, Жаңақала, Жәнібек және Қазталов аудандарында өткізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығының бастамасымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығы мен объективтілігіне қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының (АМТ) өкілдері жұмылдырылған.
Тестілеудің алғашқы күні 632 оқушы қатысты. Бақылаушылардың арнайы топтары 60 мобильді құрылғы мен шпаргалкаларды алып өту фактілерінің жолын кесіп, 2 оқушы тестілеуге кіргізу кезінде және 4 тәртіп бұзушы тестілеу залынан мобильді құрылғыларды пайдаланғаны үшін шығарылды.
Айта кетейік, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте оқуға түсушілер білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін маусым айында өткізілетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы өзгеріссіз. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу