8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Желтоқсан 2023 2687 0
Бәрекелді!

59 мыңнан астам белсенді ерікті бар


Бүгін әлемнің бірқатар елінде дүниежүзілік Волонтер күні аталып өтеді.

1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын 5 желтоқсанда еріктілер күнін атап өтуді ұсынған болатын. Мысалы ЮНИСЕФ әлем бойынша ұйымның балалар құқығын қорғау миссиясын жүзеге асыруға көмектесетін еріктілер қозғалысы мен бастамаларын дамытуды қолдайды. 36 ел жаһандық волонтерлік бастамаға белсенді қатысады, оның ішінде Қазақстан да бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі де Қазақстандағы еріктілер қозғалысы белсенді дамып келе жатқанын, қоғам өмірінің түрлі салаларында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Біздің азаматтарымыздың волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуы және мемлекет тарапынан бұл үшін жағдай жасауы елдегі волонтерліктің дамуына ықпал етті. Мұны волонтерлік ұйымдардың – үш есеге (2020 жылы – 224, 2023 жылы – 680-нен астам), белсенді волонтерлердің – бес есеге (2020 жылы – 50 мың, 2022 жылы – 200 мыңнан астам, 2023 жылы – 240 мыңнан астам) өсуінің оң серпіні айғақтайды. Қазіргі уақытта 59 мыңнан астам белсенді еріктілер, волонтерлер үшін мыңнан астам жоба ұсынатын 3,5 мыңнан астам ұйымдар тіркелген», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Сонымен бірге, 2018 жылы Qazvolunteer.kz онлайн платформасы іске қосылған.

4-10 желтоқсан күндері «Волонтер болу оңай» қысқы мейірімділік апталығы басталды. Бұл бастама қоғам игілігі үшін волонтерлік бастамаларды көтермелеуге және іске асыруға бағытталған.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялаған еді.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»