8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2020 1384 0
Қоғам

31 ТАМЫЗДАН БАСТАП МЕШІТТЕР АШЫЛАДЫ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында бірқатар нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды. Бұл туралы  muftyat.kz жазды.

Ведомствоаралық комиссия елдегі оң жағдайды ескере келе, 31 тамыздан бастап бірқатар нысандардың қызметін қайта бастауға рұқсат берді. Атап айтқанда, діни объектілер, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері, мәдениет нысандары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар, сондай-ақ қала маңындағы жолаушылар пойыздары, электр пойыздары, қалааралық, облысішілік автобустар, шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

«Барлық нысандарға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңірлердің әкімдіктері Денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет» деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес 31 тамыздан бастап ҚМДБ-ға қарасты еліміздегі бірқатар мешіттер жекелеген намаз бен құлшылықтар үшін, санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылады. Айта кетейік, екі апта бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзіретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берген болатын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»