8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Мамыр 2019 3658 0
Дені сау ұлт

31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні

       1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен қолға алынған дәстүрлі шара биыл «Темекі және өкпе аурулары» тақырыбына арналады.

Шылымқорлық – әлемдегі ең үлкен зиянды әдеттердің бірі. Қазіргі таңда әлемдегі әр төртінші еркек пен әр жиырмасыншы әйел никотинге тәуелді саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен көптеген елдер оған күреске барынша күшін салып келеді. Өкінішке орай, темекі мен сигара бағасын көтеру, темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу, тіпті, қоғамдық орындарда шылым шегуді шектеу де әзірге оңды нәтиже бермей тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жыл сайын әлемде 7 миллион адам темекі салдарынан көз жұмады. Соның 890 мыңға жуығы өзгелер шеккен шылымның түтініне уланғандар. Олардың арасында темекі өсіретін елдерде тұратын балалар да бар. Яғни, пассивті шылымқорлық та біз ойлағандай қауіпсіз емес. Ол жүрек-қан тамыры, жүректің ишемиялық ауруы, өкпе, өңеш, асқазан обыры сынды т.б. аурулардың бірден-бір себепкері.

Шын мәнінде, егер ішкі органдарды жыл сайын тексеріп отыратын болса мұның алдын алуға болар еді, дейді мамандар. Темекі шегетіндер үшін жүрек пен өкпені тұрақты бақылауда ұстаудың маңызы зор. Оның үстіне, мемлекет халыққа жәрдем ретінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетін ұсынады. Аталған пакетке жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы, көздің көру қабілеті мен көз қысымын тексеру, қандағы холестерин, глюкоза деңгейін тексеру үшін қан тапсыру, электрокардиограмма, флюорография, спирография сынды қызметтер кіреді. Организмде шылымның салдарынан болып жатқан өзгерістер мен ауытқуларды осы процедуралар арқылы ертерек анықтауға болады.

31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні

Темекі және өкпе аурулары

ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ТЕГІН ТЕКСЕР!!!

ШЫЛЫМҚОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

–        Жалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы

–        Көздің көру қабілетін тексеру

–        Көздің ішкі қысымын өлшеу

–        Биохимиялық зерттеулер: қандағы холестерин, глюкоза деңгейін анықтау

–        Электрокардиограмма

–        Флюрография (15 жастан)

–        Спирография

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізімі (ҚР Үкіметінің 2009 жылы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысына қосымша)

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмекті Қазақстанда тұратын әр азамат пайдалана алады. Бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмек профилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтерден тұрады.

2019 жылы Батыс Қазақстан облысының  денсаулық сақтау саласын  қаржыландыруға   республикалық қазынадан 33 млрд теңге бөлінді, оның 11,8 млрд. теңгесі емханалық-амбулаторлық көмекке бағытталады, негізінен профилактикалық шараларға ден қойылмақ.

Оған қоса, тегін медициналық көмекті мемлекеттік қана емес, жеке меншік клиникалар да көрсетеді. Биыл  БҚО бойынша мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан 51  медицина ұйымының 15-і – жеке меншік.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша мәліметі бойынша

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
291 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
552 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
792 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
827 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
981 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1176 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1411 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1495 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1605 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1614 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1643 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1649 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1752 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1971 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2281 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»