8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2020 1388 0
Жалын

25 ЖАСӨСПІРІМ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

Орал қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімі жеке құрамымен 3 қараша түнгі сағат 23.00-ден 02.00-ге дейін Орал қаласы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шарасын жүргізді. 

Полиция майоры Мәдина Құспанова мәлім еткендей, шара барысында кәмелетке толмағандардың жаппай жиналатын орындары тексеріліп, нәтижесінде түнгі мезгілде үй жайларынан тыс заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 25  жасөспірім Орал қаласы Полиция басқармасына жеткізіліп, олардың ата-аналары ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылқ туралы Кодекстің 442-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Орал қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімі аға учаскелік полиция инспкторы М.Құспанова   күзгі демалыс басталатынын ескертіп, осы кезде ата-аналарға балаларына ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

– Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында күзгі демалыс кезінде ата-аналарға бала тәрбиесіне немқұрайлы болмай, тәрбиелеріне көңіл болып, себепсіз түнгі мезгілде көшеге жібермеулері керек, – деді полиция майоры.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
102 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
286 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»