8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2019 1914 0
Өзек

22 РЕТ ҰРЛЫҚ ЖАСАП, 118 ІРІ ҚАРА МЕН 26 ЖЫЛҚЫНЫ АЙДАП КЕТКЕН

БҚО Қаратөбе ауданы прокуратурасы  ұйымдасқан қылмыстық топ құру арқылы мал ұрлығын жасау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің заңдылығына тиісті қадағалау ұйымдастырылып, ол бойынша сотта мемлекеттік айыптауды аудан прокуроры Ғ. Мұхитов қолдады.

Анықталғандай, Т. есімді азамат құрған қылмыстық топ мүшелері Б. мен Д. 2015 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қараша айы аралығында Қаратөбе, Сырым аудандары аумағында 22 рет мал ұрлығын жасаған.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері барлығы 36 адамға тиесілі 118 бас ірі қара және 26 бас жылқы малын ұрлаған. Жәбірленушілерге 28 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

Топтың мүшелері жайылымда жүрген малдарды өздері тұратын Кіші Қоскөл ауылына айдап келіп, оларды сойып, жалған құжаттар жасау арқылы етті Орал және Ақтөбе қалаларына апарып сатып, пайда тапқан. Мысалы, 2015 жылдың қарашасында Т. атты ұйымдастырушының нұсқауымен Д. мен Б. Құрсай аумағынан С. есімді азаматқа тиесілі жалпы құны 4,2 млн. теңге бағаланатын 17 бас ірі қара малын ұрлап кеткен. 2016 жылғы 1 желтоқсанда Т.-ның бағдарлауымен топ мүшелері екі атқа мініп, Ақкөл қыстағы маңынан Қаратөбе ауылы тұрғындарына тиесілі 22 бас ірі қара малын айдап кеткен. Нәтижесінде сегіз жәбірленушіге 4 млн. теңге, яғни аса ірі мөлшерде залал келді.

Қылмыстық топтың кінәсі сотталушылардың бірінің кінәні толығымен мойындауымен, куәлар мен жәбірленушілердің жауаптарымен, алынған заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен толықтай дәлелденді. Сырым аудандық сотының 2019 жылғы 26 маусымдағы үкімімен Т., Д. және Б. ҚК-нің 262-бабының 1, 2-тармақтарымен (ұйымдасқан қылмыстық топты құру, оған басшылық жасау және оларға қатысу) және 188-бабының 4-тармағымен (ұрлық) кінәлі деп танылды. Сот Т. және Д.-ға тиісінше сегіз және жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ал Б. бес-ға жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 28 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.

2019 жылғы 3 қыркүйектегі облыстық соттың апелляциялық сот алқасының қаулысымен үкім заңды күшінде қалдырылды.

 

Бауыржан Ахметжан, БҚО прокуратурасы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
95 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
355 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
614 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
854 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
890 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1043 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1237 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1472 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1557 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1667 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1676 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1706 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1711 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1814 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2035 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2342 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»