8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қаңтар 2020 1240 0
Қоғам

«2021 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ОБЛЫС ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРІЛЕДІ»

            Өткен жылдың соңғы күндері білім саласы бойынша ең маңызды екі құжат  «Педагог мәртебесі туралы» Заң және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның шеңберінде мектептер жаңартылған білім беру мазмұнына көшті, колледждерде тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы іске асырылды. Білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте   облыстық білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанова айтып берді.

                                                                              Жалақы 25 пайызға өсті

Айымгүл Мақсотқызының мәлімдеуінше, 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламада  8 индикатор, 40 көрсеткіш көзделіп, мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың іс-шаралар жоспары да бекітілді.  – Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек» деп атап көрсеткен болатын. Елімізде тұңғыш рет қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңы 21 баптан тұрып, педагогтың кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары, материалдық қамтамасыз ету, көтермелеу, әлеуметтік кепілдіктер және міндеттері бағытындағы мәселелер қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзу кезіндегі жауаптылық бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына толықтырулар да енгізілді. Заң мектепке дейінгі, орта білім, кәсіптік техникалық, мамандандырылған, арнаулы білім беру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, қосымша білім беру ұйымдары  және әдістемелік кабинеттерде  кәсіптік қызметтерін атқаратын педагогтерге қолданылады. Жалпы бұл заң шеңберінде биылғы жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтардың лауазымдық жалақысы  25 пайызға өсті. Білім беру саласындағы басқару мен қаржыландыруды трансформациялау жұмыстары жүргізіліп қазіргі таңда аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері басшыларын тағайындау және жұмыстан босату функциялары білім басқармасына берілді.  2021 жылдан бастап қаржыландыру да облыс деңгейіне көтеріледі. Ол өңірлер мен мекемелер арасындағы білім алшақтығын азайтуға, жеткілікті деңгейде қаржыландыруға бағытталады, – дейді басқарма басшысы.

                                                                         Жеке мектептер салуға инвесторлар табылды

Қазіргі таңда білім беру саласында 722 мекеме қызмет атқарса,  білім саласы бюджеті 78,9 млрд.теңгені құрайды. Облыс бойынша 12 апатты, сегіз үш ауысымды мектеп бар. Апатты және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында республикалық бюджеттен төрт  мектептің атап айтқанда,  Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 100 орындық интернатымен 300 орындық  Абай атындағы мектеп-гимназиясы, Орал қаласында 900 орындық №51 мектеп құрылысы жүргізіліп жатса, Орал қаласындағы 300 орындық №33 мектеп, Қазталов ауданы Қазталов ауылында 600 орындық А.Оразбаева атындағы мектеп, жергілікті бюджеттен бір мектеп,  Қазталов ауданында  60 орындық Сарықұдық  негізгі мектебінің құрылысына қаржы бөлінген. 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында үш мектептің ғимаратын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен қаражат қарастырылған. Олар Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы №1 орта мектеп, Тасқала ауданының Қ.Сәтбаев атындағы және С.Жақсығұлов атындағы орта мектептер. Бала санының өсуі себебінен мектептердің үш ауысымдылығы мәселесі Орал қаласында күрделі  болып отыр. Бүгін таңда облыстық білім басқармасымен әлеуетті инвесторларға жеке мектептер салу барысында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бес инвестор мектептер құрылысына қызығушылық танытқан. Жеке мектептер салу үшін  «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе жұмыстар атқарылуда.

                                                                    100 пайыз ғаламтормен қамтылған

Айымгүл Мақсотқызының сөзінше, соңғы кездері балалардың қауіпсіздігі мәселесі қоғамды алаңдатып, осы мәселеге ерекше назар аударылуда. Осы бағытта облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, аудан (қала) әкімдіктерімен тиісті шаралар алынатын болады.   Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 30 мың баланы қамтитын 507 мекеме бар. 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 78,9%, 3-6 жастағы балаларды қамту 100%-ды құраған. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін дамыту және тәрбиемен қамтудағы көрсеткіштердің артуына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға   қажеттілік сақталып отыр. 2020 жылы жаңартылған білім мазмұнына көшу  бойынша әзірленген 11 сынып оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін, оқушылар контингентінің өсуіне байланысты қорды  толықтыру мақсатында жетіспейтін 1-10 сыныптың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін, мектепалды даярлық сыныбы мен 1 сынып дәптерлерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 2246 млн. теңге қаражат бөлінген. Білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ерекшеліктерді, соның ішінде критериалды бағалау жүйесін түсіндіруге бағытталған әдістемелік жұмыстар жоспарлы өткізілуде. Жаңартылған білім беру мазмұны мен бағалау ерекшеліктерін ата-аналарға түсіндіру мақсатында мектептерде педагогикалық консилиумдар өткізіліп келеді. Ауданның барлық мектептерінде ата-аналар жиналыстары практикалық түрде өтеді. Педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «Өсу векторы», «Шағын жинақты мектептегі 3 күн», «БатысINNOVATIONS» жобалары жүзеге асырылуда. Білім басқармасы облыстың тәжирибелі мұғалімдері мен мектеп директорларынан құрылған топпен, барлық аудандарға жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өдістемелік көмек беру жұмыстарын жүргізді. Мектеп түлектерін ерте кәсіптік бағдарлауға бағытталған жұмыстар аясында 87 кәсіби бағдар беру кабинеттері жұмыс жасайды. Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің 350 мектебі (92%) кеңжолақты Интернет желісіне қосылған, оның ішінде 106 мектеп кабельдік қосылым, 157 мектеп шектеулі трафикпен спутниктік байланыс арқылы, 87 мектеп радиокөпір технологиясы бойынша қосылған. Орал қаласының мектептері мен аудан орталықтары ғаламтор желісімен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Ғаламтор жылдамдығының төмен болуынан қолжетімділік мәселесі Бөкей ордасы, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым және Шыңғырлау аудандарында бар. Облыс мектептерін жылдамдығы 10 Мбит/с кем емес кеңжолақты ғаламтор желісімен қамтамасыз ету мақсатында талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы бойынша  «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамымен  іс-шаралар атқарылуда. Осылайша 2020 жылы талшықты-оптикалық байланыс технологиясы бойынша 141 мектептерін қосу жоспарлануда. «Күнделік» жүйесіне облыстың 217 мектебі қосылған.

Білім беру саласын цифрландыру жол картасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың   53,4%-да  (271)  мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою және жолдама беру қызметі автоматтандырылған. Облыста 2019 жылы бастауыш, негізгі, орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау ақпараттық жүйесі енгізіліп, бұл жүйе мектептердің 266-на немесе  70,1 пайызына енгізілген.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
166 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
435 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
676 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
708 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
863 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1059 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1296 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1377 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1485 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1491 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1524 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1531 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1635 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1852 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2163 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2048 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2161 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»