8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2021 1041 0
Дені сау ұлт

2020 ЖЫЛЫ МӘМС БОЙЫНША ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 41,6 МЛРД. ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН 10 МЫҢҒА ТАРТА ОТА ЖАСАЛДЫ

2020 жылы МӘМС бойынша медициналық көмекке 357 млрд теңге жұмсалды, деп Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

МӘМС бойынша қосымша 100 млрд теңгеге тарта қаражат 67 млн. консультативтік және диагностикалық қызметті қаржыландырды, оның ішінде – 25 млн бейінді мамандардың қабылдауы, 5 млн диагностикалық зерттеу, 7 млн стоматологиялық қызмет, 10 млн процедура мен манипуляция, 337 мың жоғары технологиялы зерттеу, мысалы КТ және МРТ.

МӘМС енгізілгелі бері амбулаториялық деңгейде дәрілік көмектің де қолжетімділігі артты. Бұрын пациенттер 45 дерт бойынша препараттар ала алатын болса, қазір 138 ауруға байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

2020 жылдың қорытындысына бойынша Қор активі есебінен еліміздің стационарларында жоспарлы түрде 1 миллионан астам пациент емделді, бұған 170 млрд теңге жұмсалды.

Ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер бойынша, жоспарлы емдеуге жатқызуға кезектіліктің төмендегені байқалды. Пациенттердің шамамен 86%-ы бір күннен 10 күнге дейін ауруханаға жатқызуды күтті, пациенттердің тек 5%-ының күту мерізмі бір айдан асады. 2019 жылы пациенттердің 12% бір айдан астам күту парағында тұрды.

2020 жылы әрбір төртінші жүкті әйел медициналық сақтандыру қаражаты есебінен босанды: 37 млрд теңге сомаға 346 мың босандыру қызметі атқарылған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген ота саны артып отыр. Жоғары технологиялы медициналық қызметтің көмегімен МӘМС бойынша қосымша 9,3 мың ота жасалып, оған 41,6 млрд теңге жұмсалды. Кардиохирургиялық ота 3,2 мың пациентке жасалса, нейрохирургиялық ота (нейронавигациялық жүйе қолданылған) – 1,5 мың адамға, ортопедиялық ота – 504 пациентке жасалды.

МӘМС енгізілгелі бері медициналық оңалту да дами бастады. 2020 жылы бұл бағытта 31 млрд теңге жұмсалған. Күндізгі стационарларда 25 мың пациент оңалтудан өтсе, тәулік бойғы стационарларда – 132 мың адам, оның ішінде созылмалы дертке шалдыққан 32 мың бала. Амбулаториялық-поликлиникалық деңгейде халыққа 2,8 млн оңалту қызметі көрсетілді.

Оңалту қызметтерінің басым көпшілігі 2020 жылдың соңғы тоқсанында көрсетілген, мұнда Covid-19 және коронавирустық инфекциямен ауырған пациенттер де қамтылды.

«МӘМС арқасында медициналық оңалту дами бастады, ол Қарағанды облысында МӘМС-дың алғашқы жобасы аясында сынақтан өткен болатын. 2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есе, 55,8 млрд теңгеге дейін артты. Бұл жаңа оңалту орталықтарын, медициналық ұйымдарда оңалту бөлімдері мен кабинеттерін ашуға серпін берді. Биыл бұл қызметті ұсынушылар 2019 жылмен салыстырғанда 20 есе көбейді – 64-тен 1298 медициналық ұйымға дейін», –  деп атап өтті Болат Төкежанов.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
49 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
321 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
580 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
819 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
854 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1009 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1203 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1438 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1523 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1633 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1641 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1671 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1676 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1779 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2001 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2308 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»