2020 жылы ауыл-аймақта «халық қатысатын бюджет» енгізіледі

Қазақстанда 2020 жылы «халық қатысатын бюджеттер» енгізіледі.
«2018 жылдан бастап аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, елді мекендерде, халық саны 2 мыңнан асып жығылатын ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің жобасы және олардың атқарылуы туралы есептер жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстарында тұрғындар тарапынан талқыланады. Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, 2018 жылы жергілікті қоғамдастықтардың, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін талқылау бойынша 7 мыңнан астам жиын өтті», – деді Үкімет басшысы. Оның атап өтуінше, мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдердің халықпен есепті кездесуі дүркін-дүркін өткізіліп тұрады. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде бюджеттік ашықтығы мен айқындығын арттыру жұмыстары да жалғасады. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттердің бірі – шешім қабылдау процесіне халықты кеңінен тарту. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасында да айтылған болатын. Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының бюджет жөніндегі оң тәжірибесін өзге де өңірлерге тарату жоспарланған. Қазіргі уақытта Үкімет өңір әкімдіктерімен бірлесіп, барлық қалаларда «халық қатысатын бюджетті» 2020 жылдан бастап енгізу бойынша әдістерді дайындау жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл үшін жергілікті бюджетті әзірлеу ережесіне толықтырулар енгізіледі. Осы жылыдң соңына дейін ереже бекітіледі», – деді Асқар Мамин. Премьер-министрдің атап өтуінше, аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, елді мекендер мен ауылдық окургтерде «халық қатысатын бюджет « жергілікті тұрғындармен жергілікті өзін-өзі басқару жобаларын талқылау арқылы жүзеге асырылады. «Жалпылай алғанда қабылданатын шаралар мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде бюджет ашықтығын арттыруға септігін тигізеді», – деді ол.
ҚазАқпарат
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу