8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2019 3496 0
Қалалықтар қаперіне

2020 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Батыс Қазақстан облысында  24 445 мүгедектігі бар адамдар тұрады, соның ішінде 2 743 – балалар. Мүмкіндігі шектеулі жандардың тауарлар мен қызметтерді өздеріне таңдау құқықтарын беру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі келер жылдан бастап әлеуметтік қызметтер порталын іске қоспақ. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған ерекше қажеттілігі бар жандарға тең мүмкіндіктер жасау тапсырмасы аясында қолға алынып отыр. Жаңа механизмнің артықшылықтары туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары айтып берді.

Негізгі мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарды инклюзия және қоғам өміріне белсенді тарту үшін барлық жағдай жасау. Осы мақсатта заңнамада мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және қолдау жөніндегі шаралар кешені көзделген, оның ішінде 4 түрлі жәрдемақы төлеу, қызметтер мен оңалту құралдарын ұсыну, санаторий-курорттық емдеу, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметі және т.б.

Мемлекеттің тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалып, мемлекеттік қолдауға бөлінетін қаржының көлемі үнемі өсіп отыр. Мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақыларға республикалық бюджеттен 2019 жылы 314 млрд. теңге бөлінген. 2018 жылмен салыстырғанда 9,4 % артық.

– Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында олар арнайы техникалық құралдар мен қызметтерді қажет етеді. Бұл кресло-арбалар, протездік-ортопедиялық құралдар, гигиеналық құралдар, тифло және сурдоқұралдар, жеке көмекшілердің, ымдау тіл мамандарының және санаторий-курорттық емдеу қызметтері т.б. Бұл мақсатқа облыс бойынша үстіміздегі жылы 1056,0 млн.теңге, 2020 жылға республикалық бюджеттен – 428 млн., жергілікті бюджеттен – 377,0 млн.теңге жоспарланып отыр. Осыған байланысты  әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің сапасын арттыру және қолжетімділігін жақсарту, бюджет қаржысының тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік қызметтер порталы енгізгелі отыр. Порталды жасақтауда Германия, Япония, Эстония, АҚШ және Ресей сияқты елдердің тәжірибелері зерттелді, –дейді басқарма басшысы Алтай Құлқаев.

Басқарма басшысы көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасына теріс әсер ететін бірқатар проблемалық мәселелердің бар екенін атады.  Мәселен, мемлекеттік сатып алудың ұзақ рәсімдеріне байланысты оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну мерзімі мүгедектік белгіленген сәттен бастап 8 айға дейін созылуы мүмкін. Бұл ретте қызметтерге қажеттілікті есепке алу ақпараттық жүйелерден тыс жүргізіледі, бұл оның ашықтығын қамтамасыз етпейді. Бұдан басқа, оңалту құралдары мемлекеттік сатып алу арқылы жаппай сатып алынатындықтан, олар мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттілік теріне сәйкес келмейді.

Сондай-ақ нарықта өнім берушілер арасында бәсекелестіктің жеткіліксіздігі ұсынылатын қызметтердің және оңалту құралдарының сапасының төқмендігіне әкеліп соғады.

Әлеуметтік қызметтер порталының мақсаты – мүгедектігі бар тұлғаның өнім берушімен тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Портал әлеуметтік қызметкерлердің, өнім жеткізушілердің және арнаулы әлеуметтік қызмет орталықтардың бірыңғай тізімі қалыптастырылатын бірыңғай сандық алаң болады. Техникалық бейімдеу құрылғыларын жеткізушілердің арасында еркін бәсекелестік пайда болып, мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуына байланысты күту уақыты азаяды. Жемқорлық тәуекелдері азаяды.

Яғни портал бес процесс бойынша әлеуметтік қызметтерді цифрландыруды көздейді. Біріншісі – арнайы әлеуметтік қызметті көрсету, екіншісі – техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, үшіншісі – ым-ишара мамандарының қызметі, төртіншісі – жеке көмекшінің қызметі, бесіншісі – санаториялық-курорттық емдеу қызметі.

Портал 2020 жылдың 1 қаңтарында іске қосылады. Бірінші кезеңде бес бизнес-процестің екеуі цифрландырылмақ – арнаулы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімдеуді қажет етпейтін техникалық оңалту құралдарының жартысы.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында порталды енгізудің екінші кезеңі жүзеге асырылып, техникалық оңалту құралдарының қалған түрлері, жеке көмекшінің қызметі, санаториялық-курорттық емдеу және ымдау тілі мамандарының қызметі цифрландырылады.

Қызметтерді порталға толығымен ауыстыру 2021 жылы аяқталады. Оған дейін, яғни 2020 жылы бейімдеу қызметтері мен тауарлары альтернативті негізде – портал және мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.

Порталдың іске қосылуымен техникалық оңалту құралдарын ұсыну бизнес-процестері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін тағайындау сегіз айдан 1-2 аптаға дейін қысқарады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
278 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
540 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
780 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
815 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
969 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1164 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1400 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1483 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1592 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1602 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1630 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1637 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1740 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1959 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2268 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»