8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2019 1660 0
Қоғам

2000-ға жуық қазақстандық ЗАҢСЫЗ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАН

2000-ға жуық қазақстандық бүгінге дейін заңсыз атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Бұл туралы Үкімет үйіндегі брифингте Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова айтты.
Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, қазір олар ақшаны мемлекетке қайтарып жатыр. Қайтармағандардың ісі сотта қаралады. «Өкінішке қарай, елде жақсы бір іс қолға алынса, артынша-ақ соның арқасында пайда көріп қалғысы келетіндер табыла кетеді. Олар да жақсы көмек алғылары келеді. Кейде табыстарын жасырады, кейде жалған ажырасады, тағысын тағы», – дейді ол. Гүлшара Әбдіхалықованың мәліметінше, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен аймақтарды аралайтын бірнеше топ құрылған. Олар зәулім үйі, қымбат көлігі барларды түсіріп алды. Брифингтегі мәлімет бойынша қазір әлеуметтік көмек 240 мың отбасыға беріледі. Олар – әлеуметтік әлсіз топқа жататындар, отбасы мүшелерінің жалақысы 42 мың теңгеден аспайтындар. Заң бұзғандардың біразы өз еркімен ақшаны қайтарып жатыр. Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіхалықова Алматыда 53 отбасы «қарызынан» құтылғанын, ал қалғандарының ісі сотқа өтіп кетуі де ғажап емес екенін айтты.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»