8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Тамыз 2021 2204 0
Жалын

200-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Орал шаһарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде 200-ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы борыштарын  абыроймен атқаруға салтанатты түрде ант етті. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ант қабылдау рәсіміне  ата-аналар қатыстырылған жоқ, десек те олар тіркелей эфирде салтанатты жиынды тамашалай алды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-ы бабына сәйкес Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және борышы. Әскери ант жауынгердің отанына, халқына, өзінің әскери боршына деген адалдығын білдіретін серті.

Әскери Ант  қабылдау рәсіміне арналған мерекелік  митингті 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник  Антай Ербол Мағжанұлы құттықтау сөзбен ашты.

– Құрметті жас сарбаздар сіздер бүгін ел алдында әскери ант қабылдап отан қорғаушылардың қатарына қосылғалы тұрсыздар. Елімізді Отанымызды қорғау – әрбір азаматтың ең қасиетті борышы. Өз елін, жерін қорғап нағыз сарбаз болу оңай емес, ол үшін әрбір сарбаз өзіне қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға жан-жақты дайын болу керек. Ал әскери ант қабылдау дегеніміз өз Отанына, Қазақстан Республикасының халқына, және заңды түрде сайланған Президентіне ақтық демі қалғанша адал қызмет ету деген сөз. Бүгіннен бастап сіздерге жауапкершілігі мол, мағызды міндеттер жүктелгелі тұр. Мен осы бөлімнің командирі ретінде сіздерге жүктелген жауынгерлік тапсырмаларды адалда абыроймен атқаратындарыңызға толықтай сенемін, – деді бөлім командирі.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының орынбасары,  полковник Павел Ситников  шағын баяндамасында Батыс құрамасының құрылу  тарихы мен атқаратын міндеттері хақында қысқаша айтып өтті. Әскери ант қабылдау салтанатының әрбір жауынгердің өмірінде  ерекше  орын алатына тоқталды. Сарбаздарды айтулы  күнмен құттықтады.

Бір айдан астам уақыт  ішінде бөлім басшылығы мен офицерлердің тәлім тәрбиесін, сержанттардың ерен еңбектерін бойларына сіңіріп, әскери өмірдің сыр-сипатымен таныс болған 5517 әскери бөлімінің сарбаздары белгіленген  алты  нүктеде жастар  әскери анттың киелі мәтінін жігерлене оқыды.

Іс-шара әрі қарай жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімімен жалғасып, шара соңында жас сарбаздар  «Атамекен» әнін орындады. Бұл ән Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде және Ұлттық ұланы сапында жауынгерлердің рухын оятар  патриоттық ән ретінде кеңінен танымал. Бұл әнді жауынгерлер сапта, марштармен жорықтарда демалыс уақыттарында орындайды.

Қазақстанның  түкпір – түкпірінен жиналған  сарбаздардың  ата-аналарымен туған туыстары үшін, әскери ант қабылдау рәсімі  5517 әскери бөлімінің «Instagram» парақшасынан тікелей эфирінен көрсетіліп, сарбаздардың ата-аналарының өз балаларының әскери ант қабылдау рәсімін тамашалауға толықтай жағдай жасалды.

капитан Әубәкір ЕРТУҒАН

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
319 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
461 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
499 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
767 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
782 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
908 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1211 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1302 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1327 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1540 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1811 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2032 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2076 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2218 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»