8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2019 1206 0
Қоғам

180 ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛЫП, 57 АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН

Соңғы кездері республика бойынша, сондай-ақ өңірімізде жол-көлік оқиғалары күрт көбейді. Осыған орай бүгін БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте БҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манарбек Нәжиев облыс аумағындағы жол-көлік оқиғалары және олардың алдын  алу бағытындағы шаралар туралы мәлімдеді. 

                    

Ағымдағы жылдың сегіз айында өңірімізде 180 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның нәтижесінде 57 адам қаза тауып, 244 адам әр түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Балалардың қатысуымен 41 жол-көлік оқиғасы орын алса, 4 бала қаза тауып, 49 бала түрлі жарақат алыпты. Деректерге сүйенсек, республикалық маңызы бар автожолдарда  көрсеткіш төмендеген, көбінесе жол апаттары ауылдық жолдарда орын алуда екен.

–   Әр жол көлік оқиғасына талдау жүргізіп отырамыз. Соның ішінде маңызды себептеріне тоқталатын болсақ, жүргізушілердің маневр жасауы, автокөліктерін үлкен жылдамдықпен басқаруы, қиылыстарға келгенде кілт бұрылып, жол-көлік ережелерінің талаптарын орындамауы басты себеп саналады. Осындай жағдайларды көріп отырып, шара қолданбай болмайды. Осы бағытта патрульдік полиция қызметін бағыттап, жұмысты күшейту жөнінде нұсқау берген болатынбыз. Сегіз айдың ішінде маневр жасау бұзушылықтары өткен жылға қарағанда екі пайызға жоғарылап отыр. Қиылыстардан өту деңгейі 90 пайызға көбейген. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерімен орын алған бұзушылықтар 31 пайызға артты. Бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілуде. Есепті кезеңде арнайы мекемелерге 1100 жазбаша өкім беріліп,  барлық жолдар тексеріліп отырады. Бүгінгі таңда жазбаша өкімдегі талаптарды дұрыс орындамағаны үшін 92 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Соның 14-і мекеме басшысы. Қаңтар айында 16 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 12 адам қаза тауып, 13 адам түрлі жарақат алды. Ең ірі жол апаты 15 қыркүйек күні республикалық маңызы бар автожолда болды. Тайпақ ауылында екі көлік соқтығысып, яғни ЗИЛ автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде қарсы бағытта келе жатқан жеңіл автокөлікті жібермей, нәтижесінде бес адам көз жұмды. Бүгінгі таңда осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сот медициналық, автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Алдағы уақытта қосымша тергеу қорытындысын жеткізетін боламыз, –  дейді М.Нәжиев.  Айта кету керек, тек қыркүйек айында облыс орталығында   алты жол-көлік оқиғасы орын алып отыр, салдарынан төрт адам қаза тауып, бес адам жарақаттанған.

Брифингте журналистер тарапынан «Жәңгірхан» сауда үйінің маңында жол апаты жиі орын алатыны, осы бағытта қандай шаралар қолданылып жатқаны туралы қойылған сұраққа  полиция полковнигі патрулдік полиция қызметкерлері кестеге сай жұмысқа шығатынын, қай аумақта жол көлік оқиғасы жиі орын алса, сол маңда кезекшілік жүретінін жеткізді. Ал аталған мекенжайда автопатруль бекітіліп, жұмыстар күшейтілген. Сондай-ақ сол аумақтағы жол ортасындағы қоршаулардың көліктерге кедергі екені туралы қойылған сауалға, сала мамандары керісінше қоршаулар қажетін алға тартты. Полицейлердің мәліметінше, қоршаулар алынса, жаяу жүргіншілер кез келген жерден жолды кесіп өтіп, жүргізушіге кедергі жасайды. Былтырғыға қарағанда, аталған Жәңгір хан көшесінде  жол апаты азайған.

Сондай-ақ брифингте БҚО ПД Орал қ. ПБ КҚПб бастығы полиция подполковнигі Қанат Мұқанов шетел азаматтарының Қазақстанға келу, кету және ел аумағында болу ережелерін түсіндірді. Оның айтуынша, сегіз ай ішінде 14 597 шетел азаматы жауапқа тартылған. Ол көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға төмендеп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 15931 болған. Соның ішінде алыс шетелден келген 160 азамат, ал көршілес елдерден 14437 азамат жауапқа тартылған. Көбінесе мұндай азаматтар Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Грузия, Қырғызстан, Молдава, Тәжікстан, Түркіменстан және көп бөлігі Өзбекстан елдерінен келетін көрінеді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
136 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
169 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
180 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
192 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
268 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
264 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
270 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
356 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
608 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
799 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
930 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
940 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
1015 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1417 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1435 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1512 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1599 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1806 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1804 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»