8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қаңтар 2021 1517 0
Қоғам

15 ҚАҢТАРҒА ДЕЙІН ЖАҒДАЙ ЖАҚСАРМАСА, ШЕКТЕУ КҮШЕЙЕДІ

             Қаңтардың бірі мен 10-ы аралығында өңірімізде 401 «COVID-19» оқиғасы тіркелді.   Яғни біздің облыс тағы да «сары аймаққа» енді. Күніне орта есеппен 46-ға дейін жаңа ауру анықталып отыр  . Ал егер жағдай 15 қаңтарға дейін жақсармаса, шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін. Қазіргі таңда өңіріміз  вакцинацияға дайындалып жатыр. Алғашқы вакциналар ақпан айында жеткізілуі керек. Аталмыш өзекті мәселелер бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтың қатысуымен өткен жеделштабтың кезекті отырысында талқыланды.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың мәліметінше, қазір БҚО-да ПТР зерттеулері жүргізілетін 12 зертхана бар. Тесттер саны тәулігіне 2000-нан 3400-ге дейін өскен. Жыл басынан бері мониторингтік топтар санитарлық-дезинфекциялық режимнің бұзылуына жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда. 112 рейд нәтижесінде 1458 учаскенің бесеуінде заң бұзушылықтар анықталып,  656 325 теңгені құрайтын 11 хаттама толтырылған. Нәтижесінде сотқа сегіз материал ұсынылған. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға қазір белсенді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оның құрамына дәрігерлер мен вакцина егушілерді сертификаттау, сонымен қатар емдеу бөлмелерін дайындау және вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу кіреді. Бірінші кезекте 7768 медицина қызметкері, 23412 мұғалім, 36905 студент, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен тыныс алу жүйесі ауруларымен есепте тұрған 100926 адам, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелердің 2471 жұмысшылары және жабық балалар ұйымдарынан 156 вакцина алынады деп жоспарлануда.

Штаб отырысында белгілі болғандай, халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін облыстық медициналық ұйымдар КВИ-ға қарсы вакцинаны қабылдауға біртіндеп дайындалуда. Облыстық қан орталығында аумағы 1,2 текше метрді құрайтын  мұздатқыш бар, ал аудандық ауруханалар да   жалпы көлемі 2,2 текше метрді құрайтын осындай үлгідегі мұздатқыштармен қамтылған. Бұл вакцинаның алғашқы партиясын, яғни  80 000 доза мөлшерінде алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ вакциналарды сақтауға және тасымалдауға арналған негізгі салқындатқыш жабдықты сатып алуға өтінім берілген. Оның құны 7 486 749 теңгені құрайды екен. Сондай-ақ, термоиндикаторлары бар 30 термоконтейнер және қатты салқындатуға арналған мұз пакеттерін сатып алу жоспарлануда. Қалалық емханалар үшін 3 393 000 теңгеге медициналық тоңазытқыштар сатып алу туралы шешім қабылданған. Вакцинацияны білікті қызметкерлер қалалық емханалар мен аудандық ауруханалар деңгейіндегі 25 вакцинация бөлмесінде жүргізеді. Қазір вакцинация бөлмелері барлық қажетті құрал-жабдықтармен, соққыға қарсы бұрыштармен, вакцинациядан кейін болуы мүмкін жағымсыз салдарлар кезінде жедел көмек көрсету алгоритмдерімен, дезинфекциялау және зарарсыздандыру ережелерін сақтау шарттарымен, эпидемияға қарсы режимдермен қамтамасыз етілген.

–  Күні бүгінде инфекциямен ауыратындар саны артты, нәтижесінде біздің облыс  «жасылдан» «сары» аймаққа көшті.  Мәселе өзекті, сондықтан қажет болған жағдайда, қатаң шектеу шараларын енгізетін боламыз. Сайлау алдында біз комиссиялардың барлық мүшелері мен бақылаушыларды ПТР тестілеуін өткіздік. Нәтижесінде 4848 адамның 38-інде оң нәтиже анықталды. Біздің облыста инфекция тасымалдаушылардың көбісі  облыс аумағында орналасқан шетелдік компаниялардан анықталуда. Ресей шекарасына жақын орналасуымыз да  қауіпті арттырып отыр. Өйткені шекара ашық, көліктер жиі қатынауда. Сондықтан сыртқы факторларды қадағалауда ұстауымыз қажет. Вирус жаңа, оның салдары толық анықталған жоқ. Сол себепті қажет болса, оңалту орталығын ашамыз. Жағдайды қатаң бақылауымыз керек, – деді жиынды қорытындылаған өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
137 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
170 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
181 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
193 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
269 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
265 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
272 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
357 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
609 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
801 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
932 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
942 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
1017 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1419 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1437 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1514 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1601 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1808 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1806 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»