1414 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ
2021 жылғы 1 сәуірден бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 1414 Бірыңғай байланыс орталығын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылымына берді. Қарамағына берілген сәтінен бастап Мемлекеттік корпорация call-орталықтың қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар шара қабылдады.
Қызметкерлердің жүктемесін азайту мақсатында Петропавл, Көкшетау, Қызылорда және Қостанай қалаларында бірыңғай байланыс орталығының қосымша кеңселері ашылды. Операторлардың жұмысын онлайн мониторинг жүргізу қызметі пайда болды, сондай-ақ дауыстық робот жұмысы жаңартылды. Операторларды қосымша оқыту жүргізілді.
2021 жылғы сәуір мен маусым аралығындағы кезеңде Бірыңғай байланыс орталығының жұмыс сапасын жақсарту бойынша оң серпін байқалады. Call-орталықтың өткізу қабілетін арттыру үшін клиенттерден қоңырауларды ғана емес, аудио және бейне хабарламаларды да қабылдауға мүмкіндік беретін бірыңғай арналы платформаға өту жүргізілді. Клиенттердің қоңырауларын қабылдау пайызы 69-дан 92%-ға дейін өсті, оператордың жауабын күту уақыты 5 минуттан 48 секундқа дейін төмендеді.
ХҚО-лар соңғы апталарда алдын ала брондау бойынша азаматтарды қабылдауға оралды. Сондықтан call-орталыққа жүктеме артып, ағымдағы кезеңде операторлардың жауабын күту уақыты екі минутқа дейін ұзарды.
«Бізге 1414 Бірыңғай байланыс орталығын берген кезде жедел шешімдерді талап ететін бірнеше мәселе болды. Үш ай ішінде біз жағдайды оң нәтижеге өзгерте алдық. Әрине, call-орталығымыздың жұмыс сапасын арттыруды жалғастыратын боламыз. Жыл соңына дейін қоңырау шалу пайызын 95%-ға дейін арттыруды, ал жауапты күту уақытын 30 секундқа дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз» – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары және eGov.kz электрондық порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша байланыс орталығына ай сайын 1,5 млн қоңырау келіп түседі. Сондай-ақ байланыс орталығының қызметкерлері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден мәтіндік хабарламаларды қабылдайды. Байланыс орталығының жұмысына барлығы 500-ге жуық оператор тартылған.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап 1414 Бірыңғай байланыс орталығы әлеуметтік-еңбек саласы бойынша қоңыраулар қабылдайды. Бұрын осы мәселелер бойынша 1411 қысқа нөміріне хабарласу қажет болатын.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу