8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2021 1277 0
Дені сау ұлт

1300-ДЕН АСТАМ АДАМ ЕМХАНАЛАРҒА АЛҒАШ РЕТ БЕКІТІЛДІ

Бекіту науқанының аяқталуына дейін 2 аптадан аз уақыт қалды. 15- қыркүйектен 15-қарашаға дейінгі кезеңде азаматтар өз қалауы бойынша емхананы ауыстыра алады немесе оған алғаш рет бекітіле алады. 2021 жылғы науқан кезеңінде 188 мың адам бекітілу ұйымын өз таңдауы бойынша өзгертуді шешкен. Алғаш рет емханаларға 1 316 адам бекітілді.

Қолжетімді бекіту

 

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 19,4 млн-нан астам адам бекітілген, олардың ішінде шетелдіктер мен қандастар да бар.

Шетелдіктерге қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қазақстан аумағында тұрақты тұратын және тиісті құжаттарды, яғни тұруға ықтиярхатты алған шетелдік азаматтар емханаға тіркеле алатыны айтылып өтті. Ал «Көші-қон туралы» ҚР Заңы бойынша Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ЕАЭО қатысушы елдері (Ресей, Белоруссия, Қырғызстан және Армения) азаматтарының (олардың отбасы мүшелері – жұбайларын және балаларын қоса алғанда) МСАК ұйымына бекіту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек алу үшін тиісті ерікті медициналық сақтандыру шарты (ЕМС)  болуы тиіс.

Сонымен қатар олар аса қауіпті инфекциялар бойынша емделген жағдайда ТМККК шеңберінде қажетті медициналық көмекті ала алады. Аса қауіпті инфекция туындаған жағдайда кепілдендірілген тегін медициналық көмек алуға Қазақстанда уақытша жүрген басқа елдердің азаматтары да құқылы.

 

Өңірлік бөліністе

 Тіркелген халықтың жалпы санының 40% – дан астамы, атап айтқанда 7,8 млн адам-ауылдық жерлердің тұрғындары болып табылады.

«Тұрғындар Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдарға ғана бекітіле алады. Олардың тізімімен Қордың fms.kz. сайтында «Пациент үшін» бөліміндегі «Емхананы таңдау» арқылы танысуға болады», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында түсіндіреді.

Бүгінгі күні бекітілген халық тіркелімінде (БХТ) 643 медициналық ұйым бар, оларға қазақстандықтар тіркелген. Онда халыққа қызмет көрсететін 12 948 учаске құрылды.

 

Бекітілу мүмкіндігі 15 қарашаға дейін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бекітілу науқаны жыл сайын өткізіліп, 15 қарашаға дейін жалғасатынын еске салады.

«Медициналық-санитариялық көмек ұйымын таңдап және учаскеге бекітіле отырып, пациент онда ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық спектрін ала алады. Бұл жағдайда үйде қызмет көрсету мүмкіндігінің болуы үшін пациентке тұрғылықты жеріне жақын жердегі емхананы таңдау ұсынылады», – деп Қордың баспасөз қызметі кеңес береді.

Бекіту екі жолмен жүзеге асырылады.

  1. Электрондық үкімет порталында e.gov.kz бекітілу үшін (ЭЦҚ қажет). Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу» қызметін таңдау қажет. Барлық жолдар толтырылғаннан кейін пациент туралы ақпарат автоматты түрде емханаға түседі. Егер барлық манипуляциялар дұрыс жасалса, медициналық мекеменің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған бекітілу туралы хабарлама келеді.
  2. Тікелей медициналық ұйымның өзінде бекітілу. Бұл мүмкіндік зейнеткерлерге, мүгедектерге, бала кезінен мүгедекке заң бойынша тағайындалған қамқоршыларға, қамқоршыларға немесе қорғаншыларға, патронат тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, медреседе оқитын студенттер мен азаматтарға, шет мемлекеттерде туылған балаларға, сондай-ақ сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтін адамдарға арналған. Ол үшін сол жерде өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.
  3. Қорда атап өткендей, емхананы бекітілу науқанынан тыс та ауыстыруға болады: егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе, сондай-ақ оның қазіргі емханасы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда.

 Егер сізде тіркелуге қатысты қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Сіз жақын маңдағы емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласып сұрай аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы 24/7 Qoldau  және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
176 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
372 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
370 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
825 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
894 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
912 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
933 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
954 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1324 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1448 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1479 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1754 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1766 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1894 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2186 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2286 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»