13 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНУДЕ
Батыс Қазақстан облысында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында 13 инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды.
Жоба өткен жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен «Kazakhinvest» АҚ-ның аймақтық өкілдігімен бірлесе жүзеге асырылуда.
Мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жолыққан инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметіндегі әкімшілік кедергілер мен сыбайластық шығындарды жою.
Жобаны іске асыру механизмі инвесторды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы келісімге қол қою арқылы жүзеге асырылуда. Департамент келісімнің бір тарапы ретінде кәсіпкерді сүйемелдейді, оны 100% әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен, лауазымды тұлғалардың жағымсыз іс-әрекеттерінен қорғайды және пайда болған мәселелерді Заң аясында шешеді.
Инвесторға қойылатын талап біреу – адал және белсенді бизнес, сондай-ақ салығын төлеу.
– Бұрын инвестор мемлекеттік органға жүгінген кезде жиі заңның коллизиясы, қақтығыстар мен қиындықтарға тап болып, әрқашан өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай алмады. Қазіргі кезде аймақтағы жобалық офис қызметкерлерінің консультациялық және ұйымдастырушылық қолдауы арқылы инвестициялық және бизнеске қатысты барлық мәселелер инвесторға жедел және заң шеңберінде шешуге мүмкіндік берді. Бұл қолдау ақысыз түрде беріледі, – дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин.
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайларды атаған департаменттегі басқарма басшысы көбінесе, бейресми төлем мемлекеттік қызметкерлердің өз функцияларын дұрыс орындауы үшін кепілдік ретінде қабылданатынын, сондықтан мемлекеттік органдардың қызметінде клиентке бағдарлану болмайтынын айтты.
Жоба кеңсесі Орал қаласындағы Чагано-Набережная көшесі, 82 мекенжайы бойынша орналасқан. Жобаға жауапты тұлғалар бекітіліп, олар бизнес-жобаларды «қолмен басқару режимінде» жүргізуде. Олар бизнесті дамыту үшін туындайтын барлық бизнес-мәселелерді заңды түрде шешуге көмектесіп келеді.
Бүгінге дейін облыстық фронт-кеңсеге кәсіпкерлерден 13 өтініш түсіп, олардың 7-і оң шешілген. Жалпы сомасы 846 млрд. теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуде.
– Кәсіпкерлер мәселелерінің оңтайлы шешілген мысалдардың бірі – «Квант» ЖШС құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын инвестиция үшін жиһаз фабрикасын салу бойынша жұмыс жобасын мемлекеттік сараптама алуына көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Ақжайық-Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде телеграмм акаунтында STOP КОРРУПЦИЯ бот-сұхбаты іске қосылды, оның мақсаты тұрмыстық жемқорлықты жою үшін тиімді шаралар әзірлеу бойынша ұсыныстар жинақтау. Біз өз тарапымыздан сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге және бизнесті, инвестицияларды қорғауға кепілдік береміз және барлық инвесторлар мен кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қоюға шақырамыз, – деді Біржан Марданұлы.
Кеңсеге 8 7112 51 01 94 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Агенттікке ресми хат жіберуге немесе Ұлттық бюроның және оның аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне, аптаның 7 күнінде тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 call-орталықтарына хабарлауға мүмкіндік бар. Қоңырау шалу тегін.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу