8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қаңтар 2020 1115 0
Қоғам

12 МЕКТЕПКЕ ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

          Өткен жылы ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы 51 көшені, 1 даңғылды (Достық-Дружба даңғылы – Нұрсұлтан Назарбаев), 1 шағын ауданды (Белая казарма шағын ауданы – Ақбекет) қайта атау бойынша оң қорытынды берген. Сондай-ақ 12 білім беру мекемесіне тарихи тұлғалардың есімі берілген.  Бұл туралы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік тіл саясаты туралы» тақырыбында өткен брифингте облыстық  тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлім етті.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына және «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоспарлы жұмыстар атқарды. Мемлекеттік бағдарламаның «Мемлекеттік тілді меңгеру»  бағытына қол жеткізу мақсатында басқарма тарапынан жыл сайын облыс тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылады. Былтыр 1060 адам қамтылып, сертификаттарға ие болды. Биыл да 1070 адамды қамту жоспарланып, курсты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабының және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарының көрнекі ақпарат құралдарын рәсімдеуде сақталу мәселесі бойынша басқарманың «Сауатты жарнама – қала көркі» атты акция ұйымдастырылған. Аталмыш акция арқылы қаланың кәсіпкерлеріне көрнекі ақпараттардағы тіл заңдылығының сақталуына Whats App мессенджеріндегі 87783777743 нөмірі арқылы үнемі көмек көрсетіліп келген. Жыл бойы 130 кәсіпкерлік нысанға әдістемелік көмек көрсеткен болса, «Жедел желі» арқылы 137, Whats App мессенджері арқылы 192, барлығы 459 көрнекі ақпараттарға әдістемелік көмек көрсетілген. Басқарманың әлеуметтік тапсырысы аясында «Tilge qurmet» тіл инспекциясы жұмыс жасаған. Көрнекі ақпараттардың тіл нормаларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру бойынша үш даңғыл және 492 көше, 2178 кәсіпкерлік субъектісіне әдістемелік көмектер көрсетіліп, картотека толтырылды. Кемшіліктер анықталған 908 кәсіпкерлік субъектісіне облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ескерту хаттары таратылыпты. Қазіргі таңда кемшіліктер орын алған барлық кәсіпкерлік нысандарының көрнекі ақпараттары түзетілген.

–  Өткен жылы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №945 қаулысы негізінде Ақжайық, Бөрлі, Қазталов аудандары мен Орал қаласының 12 білім беру мекемесіне тарихи тұлғалардың есімі берілді. «Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарының тарихи топонимикасы» атты кітаптың тұсауы кесілді. Жыл бойы жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі ретінде «Тіл – тұтастық туы» облыстық жалпыхалықтық тіл фестивалі  өтті. «Аltyn kópir» халықаралық фестивалі  ұйымдастырылды. Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай дәстүрлі тіл фестивалі аясында түрлі байқаулар ұйымдастырылды,  – деген Айгүл Әділгерейқызы тұрғындарға басқарма тарапынан жыл сайын қазақ, ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылатынын, өз деңгейін көтергісі келген әр адам Х.Чурина көшесі 116 мекенжайында орналасқан БҚО тілдерді дамыту басқармасына өтініш қалдыра алатынын жеткізді.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің  Жарлығын іске асыру бойынша былтыр өңірімізде 400-ге жуық шара өткен. Сондай-ақ 500-ден астам материалдар БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде жарияланған. Облыс аумағының 12 ауданы, қала және 40 ауылдық елді мекендерде «Латын керуені» атты көшпелі семинар-тренингтер ұйымдастырылған. Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі аспектілері туралы азаматтарды ақпараттандыру деңгейін көтеру мақсатында «Цифрлы әліппе» (www.elatyn.kz) интерактивті-ақпараттық жүйесі іске қосылып, жылдың соңына дейін 5556 адам онлайн курстарынан өтіп, сертификаттарға ие болған. «Ономастикалық бірліктерді автоматтандыру 3D картасы «TORUS MAPS» жобасын жүзеге асырды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын аймақта жүзеге асыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әдістемелік көмек көрсету, көрнекі ақпарат және жарнама саласындағы мәтін сауаттылығын біріздендіру мақсатында облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бес жылға Меморандум жасалып, облыстық әкімдікпен іс-шаралар жоспары бекітіліпті.      «Рухани жаңғыру» орталығының жүргізген мониторингі бойынша Батыс Қазақстан облысы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары бойынша республикада  алдыңғы  үштікке енген.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
198 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
235 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
399 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
591 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
833 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
912 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1020 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1027 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1053 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1064 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1167 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1387 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1705 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1587 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1696 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1687 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1817 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1863 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1806 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1816 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»