8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2019 4491 0
Қоғам

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін қаладағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ұстаздардың кәсіби мерекелеріне арналған «Ұстазға бас иемін!» атты мерекелік кеш өтті. Алдымен ұстаз болу өмірінің мәні мен сәніне айналған, бар болмысын педагог мамандығымен ұштастырған жандарды облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев кәсіби мерекелерімен құттықтады.

–  Құрметті ұстаздар қауымы! Оқу-ағартудың атасы Ыбырай Алтынсарин «Тарыдай болып кіресіңтаудай болып шығасың» демекші, алдарыңызға тарыдай болып келген бүлдіршіндерді таудай елдің азаматы етіп шығаратын сіздерсіздер. Сол үшін де мың алғыс! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Шәкірттеріңіздің құрметіне бөленулеріңізге тілектеспін. Білім саласында жасалып жатқан игі істер жетерлік. Ұстаздарға қанша жақсылық жасасақ та, артық етпейді. Қоғамның, елдің болашағын тәрбилеп жатқан өздеріңіз. Жұмыстарыңыз жемісті болсын, – деген шынай тілегін жеткізген Серік Рахметоллаұлы қаладағы №35 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Зинаида Сухина мен  Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Сандуғаш Куликешті «Ы.Алтынсарин» төсбелгiсiмен  марапаттады. Ал дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Агерке Байжиенова мен  Жаңақала ауданы Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Саид Әлиевке «Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» төсбелгiсiн тақты.

Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен білім басқармасы атынан ұстаздарға дәстүрлі номинациялар тағайындалған. Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Табысты менеджер» номинациясын ардагер ұстаз Светлана Бисембаева табыстады. Олардың қатарында қаладағы №42 Ақниет гимназиясының директоры Ерік Темірғалиев, Ақжайық ауданы Ораз Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Нұрлан Есболатов, Қазталов ауданы, Қараөзен мектеп-лицейінің директоры Мәншүк Жексенова, Шыңғырлау ауданы Лұқпан Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Гүлнәр Бисенғалиева, Қаратөбе колледжінің директоры Мәулен Салахаден бар. Сондай-ақ бір топ ұстаздар «Даралықты дәріптеуші»,  «Зерделі ұстаз», «Ізгі істерді ілгерілетуші», мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері «Бала бағбаны» аталымдарымен марапатталды.

Сондай-ақ салтанатты шарада ұстаздықты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, құндылықтары мен құпияларын отбасылық жәдігерлікке айналдырған, сан  ұрпақты білім нәрімен сусындатып педагогикалық әулет атанған жаңақалалық  Саркеновтар отбасы «Ұстаздар ұстаханасы» аталымының жеңімпазы атанды. Әулеттің педагогикалық еңбек өтілі – 187 жылды құрайды. Педагогикалық әулеттің негізін қалаушылар тарих пәнінің мұғалімі Құрманғазы Саркенов, бастауыш сынып мұғалімі Меңсұлу Саркенова. Әке мен ананың жолын ұл-қыздары жалғап, келіндері де  қиын да қадірлі ұстаздық жолын таңдаған. Туған елінің мақтанышы, үлгі-өнеге болған мұғалімдер династиясында  бастауыш сынып, тарих, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, технология, музыка, дене шынықтыру пәндерінің  мұғалімдері, хореография үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарады. Түрлі аталым иелеріне облыстық ғылым мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің атынан сыйлықтар берілді.

Айта кету керек, облысымызда білім саласына әркез назар аударылып, үнемі қамқорлыққа ие болуда. Жыл сайын жаңадан салынған білім нысандары пайдалануға беріліп, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базалары нығаюда. Тек соңғы үш жылда облысымызда 14 білім беру мекемесі пайдалануға берілген.  Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс жасап жүрген 11 мыңнан астам мұғалімге қосымша 30% үстемеақы төленуде. Облыстың жалпы білім беретін және арнайы мектептерінің 7029 педагогикалық қызметкері аттестаттаудың жаңа моделі бойынша 30-50% аралығында үстемеақы алуда. 2019 жылдың маусым айынан бастап педагогикалық қызметкерлердің еңбек ақысы лауазымдық жалақысынан 30% көтерілді. Бүгінгі күні облыс ұстаздары 106535 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында «Үкіметке білім беру жүйесіне білікті кадрларды тарту мақсатында төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын 2 есеге арттыруды тапсырамын» деген сөзі ұстаздарға деген құрметтің ерекше екенінің дәлелі.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
106 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
365 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
624 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
865 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
900 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1053 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1247 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1482 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1569 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1678 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1686 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1716 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1721 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1824 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2045 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2352 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»