8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қаңтар 2018 3178 0
Қоғам

«Ұлыммен мақтанамын»

Шетелдік танымал тұлғалардың ішінен алғашқы болып сұхбат алған қазақ журналисі өзіміздің батыста туып-өскен жерлесіміз, бүгінде радио – тележүргізуші Қазбек Қасым екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Радиода, кейіннен теледидар арқылы «Headliner», «Karaoke TAXI» музыкалық бағдарламалары арқылы танылып, «Балапан» арнасындағы «Аспаз мектебі», «Тәй-тәй шоу» бағдарламаларымен телекөрерменнің сүйіктісіне айналған Қазбек Қасымның балалық шағы мен журналистикаға келуі туралы бізге анасы Әлия Зұлқашқызы әңгімелеп берген еді.

Қазақтың қос шынарының есімін иеленген Әлия Зұлқашқызы мен Мәншүк Баймұханбетова Оралдағы №3 емхананың сылап-сипау, уқалау бөлімінде қызмет жасайды. Елдің ықыласына бөленген Қазбектің анасы Әлия апаймен танысуымызға осы Мәншүк ханым сеп болды. Өйткені, ол бұл емханада 17 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ем іздеп келген пациенттерінің құрыс-тұрысын жұмсақ алақанымен жазып, алғысына бөленіп жүрген асыл жан. Мәншүк апай алғашқы еңбек жолын сонау 1983 жылы Қазталов ауданында мейірігерлік қызметтен бастапты. Сол ауданның Сәрсенғали есімді азаматымен отау құрып, шаңырақтарында Жанна есімді қыздары дүниеге келген. Бүгінде ол да өз бақытын тауып, екі перзенттің анасы атанып, бір шаңырақтың түтінін түтетіп отыр.

Негізгі мамандығым – мейіргерлік. Массаж жасау саласына сіңіп кетем деп ойламаппын. 1985 жылы облыс орталығына қоныс аудардық. Ол уақытта бала күтімімен үйде отырдым. 1987 жылы ғана облыстық ауруханаға емдеу-денешынықтыру әдіскері ретінде жұмысқа орналастым. Содан бері масссаж жасаушы болып жұмыс жасаймын. Бұған да 30 жылдай уақыт болыпты Сол аурухананың базасында оқып, неврологиялық (жүйке) бөлімшесінде 2000-шы жылға дейін массаж жасаушы қызметін атқардым. Жалақы шаруашылық есеп негізінде жүргізіле бастаған уақытта емханаға ауыстым. Қызметім өзіме ұнайды. Емханаға келгелі ылғи Әлиялармен жұмыс жасаудамын. Бұған дейін Әлия Дерғалиева деген маманымыз болып еді. Ол басқа қызметке ауысқан соң, Әлия Зұлқашқызымен әріптес болдым, – дейді Мәншүк апай.

Біз іздеп барған Әлия Бисекешова №3 қалалық емханаға 2016 жылы келген. Жайдары да жайлы мінезді Әлия Зұлқашқызы мен жолдасы Қасым үш бала тәрбиелеп өсірген. Осы мақаланы жазуымызға себепкер болып, қызығушылығымызды оятқан есімі елге танымал Қазбек Қасым бұл жанұяның ең үлкені көрінеді. Қазбектен соң Марал, Әсем есімді қыздары дүниеге келіпті. Қазіргі Ақжайық ауданының Есенсай ауылынан 1998 жылдары Оралға қоныс тепкен екен. Ал Қазбек оқушы күнінен Алматыда, әкесінің інісінің қолында болыпты.

1995 жылы Алматыда тұратын қайным үйленіп, Қазбекті өз қолына алғысы келетінін айтты. Біз келісімімізді беріп, баламызды Оңтүстік астанаға жібердік. Ол уақытта Қазбек 8-сыныптың оқушысы болатын, – дейді анасы Әлия Зұлқашқызы.

Көгілдір экранға өнерімен қоса белгілі журналист ретінде жиі шығып жүрген Қазбек алдымен ҚазГУ-дің «Политология» факультетіне оқуға түседі. Алайда қазақы ортада өсіп, қазақ тілді мектепте оқыған балаға орыс тіліндегі терминдерді түсіну қиынға соғады. Арада бір ай өткенде университеттегі ұстаздары оны журналистика факультетіне ауыстырыпты. Бұл Қазбектің өзіне жақын, бала күнгі арманы болатын. Оның журналистика саласындағы қызметі тура сол студенттік күндерден басталған.

– Ең бірінші рет сол кезде ашылған өңірдегі «Талап» радиосының журналисі Назгүл Мұхамбетжанқызы бір күні Қазбекті өзіне шақырды. Баламның демалыс алып туған жерге, үйге келген кезі еді. Тікелей эфирде өтіп жатқан хабарға Қазбектің өзі алдымен хабарласқан ғой. Бірақ күзде оқуы басталатын болғандықтан, ол жерде көп жұмыс істей алмады. Дәл осы жағдай Алматыда да қайталанды. Онда балам тікелей эфирдегі Лейла Сұлтанқызының бағдарламасына хабарласып, сұрақтың жауабын айтыпты. Содан Қазбектің дауысын ұнатқан Лейла эфирден кейін дереу хабарласып, қызметке шақырған, – дейді Әлия Бисекешова.

Анасының айтуынша, Қазбектің дауыс дикциясы атасына ұқсайды. Атасы – Ислямғали Бисекешов соғыс ардагері. Соғыстан кейінгі жылдары есепші қызметін жасаған. Өнерге жаны жақын қария болған екен. Қазбек те атасын өзіне идеал санап, сол кісіге ұқсауға тырысып келеді. Бала күнінен өлең жазуға құмар болып өскен. Ал Қазбектің негізгі хоббиі – балық аулау.

Қазбек радио мен телеарна жүргізуші ретінде ғана емес, отандық телеарнадан көрсетілген «Екі жұлдыз» жобасында әншілік қырынан көпшілікке танылды. Әнші Ақбота Керімбековамен қосыла шырқаған жұпты қалың көрермен қолдап, жобаның бас жүлдесін жеңіп алды. Бұдан соң республиканың өзге де қалаларына гастрольге шығып, соның ішінде Орал қаласында алғашқы концерттерін берді.

Бұл баламыздың Қазақстанға кеңінен танылған кезі деп есептеймін. Ол уақытта біздерді де Қазбектің ата-анасы деп қолпаштап, той-думандарда асабалар орнымыздан арнайы тұрғызатын. Өнердің ортасында жүрген баламыздың достары көп. Бірқатар әншілер үйімізде қонақта болды. Достарының арасында беделі жоғары. Соның қайырын да көріп жүрміз. «Жақсының жақсылығын айт» дейді ғой. Сөздің реті келіп тұрғанда айта кетейін, үлкен қызым Марал ұзатылған кезде киімін дизайнер Жадо өз қолымен тігіп, сыйға тартты. Алматыда Қазбекпен бірге тұратын көршілері де өнер саласындағы қыз-жігіттер. Барлығы бізді сыйлайды. Үйлену тойында да Оралға келіп, қолпаштап бір кісідей көтермелеп кетті, – деген Әлия апай келіні мен немерелері туралы да әңгімеледі.

Қазбек бірнеше жыл бұрын Айнұр есімді арумен отасқан болатын. Сөйтіп, Бисекешовтар әулеті қазір Шымкент өңірімен құдандалы екен. Бүгінде ұлы мен келіні Эсманұр, Әлихан есімді немере сүйгізіп отыр. Қазбектің тележүргізушілік жолын болашақта қызы Эсманұр жалғайтын сыңайлы. Қазірдің өзінде балғын қыз әкесімен бірге «Тәй-тәй шоу» бағдарламасын жүргізіп, тәтті қылығымен көпшілікті баурап үлгерген.

Анасы үшін Қазбектің мақтан тұтарлық жеңістері жетерлік. Украинада Актив компаниясының жарнамасы үшін ұйымдастырылған кастингте компания өкілдерінің таңдауына ілігіп, ата-анасын тағы бір қуантты. Көпшіліктің есінде болса, бұл жарнамалық маңдайша екі жыл қатарынан қала көшелерінде ілулі тұрды. Әлия апай баласының Американ актері Уилл Смитпен сұхбаттасқанын да мақтанышпен айтады. Әрине, қалай мақтанбасқа?! Өйткені оған дейін бірде-бір қазақстандық журналист шетелдік танымал тұлғалардан сұхбат алмапты.

ТҮЙІН:

Міне, Мәншүк апайдан ем алып, денемізді сылап-сипатамыз деп жүріп, ойда-жоқта Қазбектің анасы Әлия Зұлқашқызымен де таныстық. Ит жылында олжалы болып, редакция қоржынын жағымды жаңалыққа толтырдық. Сондықтан қос батыр арудың есімін иеленген Мәншүк пен Әлия апайымызды Жаңа жылдарымен құттықтап, отбастарына амандық тілейміз. Ал жұлдызы жарқыраған Қазбек Қасымтуралы бұдан соң да анасы арқылы естіп-біліп, жаңалықтарымен бөлісіп отыратын боламыз.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
382 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
521 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
558 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
831 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
845 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
969 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1270 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1362 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1388 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1599 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1871 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2093 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2137 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2278 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»