10 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ішімдік ішіп рөмкелесін өлтірді деп айыпталған Берік Сұпығалиевке үкім шығарды.

Судья Бақыт Ермахановтың баяндағанындай, оқиға үстіміздегі жылдың 2- ші сәуірінде Бөкейордасы ауданындағы Бөрлі ауылына қарасты «Қажығали» қыстағында болған. Бүгінде күдікті Сұпығалиев пен марқұм Шамғонов бірігіп ішімдік ішіп, кейін әңгімелері жараспаған екеуі дауласады. Өзін балағаттағанға шыдамаған Сұпығалиев Шамғоновтың мойнынан бірнеше жерден пышақ сұғып, салдарынан Шамғонов оқиға орнында көз жұмады.
Сот төрешісі Бақыт Ермахановтың мәлімдеуінше, ауыр қылмысқа барған айыпты енді өмірінің 10 жылын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады.
– Сұпығалиевке ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр. Сонымен қатар ол жәбірленушінің пайдасына, яғни марқұмның апасы Ғұсмановаға 1 млн. 500 мың теңге өтемақы төлейтін болады,– деді судья Бақыт Ермаханов.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ
Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу