8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2019 2320 0
Қоғам

10 МЫҢ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

 Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына екі жыл толуына орай БҚО тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен бүгін өңірде латын әліпбиімен жалпыхалықтық диктант жазу шарасы ұйымдастырылды. 

Басқарманың мәліметінше, бұл шараға ниет білдірген облыс орталығы мен аудандардан мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау саласы қызметкерлері, мұғалімдер, оқу орындары студенттері мен жоғары сынып оқушыларынан 10 мыңға жуық тұрғын қатысқан. Диктант жазуға «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан алынған «Ұлы дала өркениеті» тақырыбындағы мәтін ұсынылды.

Орал қаласы әкімдігінде өткізілген диктант жазуға 100-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты.

– 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен латын қарпіне көшу міндеті қойылған болатын. Бұл шара – латын қарпіне көшу туралы бекітілген іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейлерін, соның ішінде хат жазу, іс-қағаздарын жүргізудегі дайындықтарын арттыруға бағытталды, – дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев.

Сондай-ақ бұл күні БҚО Полиция департаментінің 50 қызметкері диктант жазу арқылы жаңа әліпбиді меңгеру деңгейлерін бағамдады. БҚО ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Жазира Кенжееваның айтуынша, полицейлердің көпшілігі и мен і және у мен ы әріптерін жазуда қателескен. Дегенмен, тәртіп сақшылары диктант жазу аса қиындық тудырмағанын айтады.

Атап өту керек, латын әліпбиіне негізделген жалпыхалықтық диктант облысымызда екінші мәрте ұйымдастырылды. Өткен жылы өткен республикалық диктант жазу шарасына 100 мыңдай облыс тұрғыны қатысқан болатын.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»