1 ТОННА БАЛЫҚТЫ ҚҰЖАТСЫЗ ТАСЫМАЛДАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
7 қаңтар күні таңғы сағат 05.40-та Орал қаласының Сарытау шағынауданына таяу маңнан БҚО Полиция департаментінің патрульді полиция батальоны қызметкерлері 1986 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Lexus» маркілі автокөлікті тоқтатқан. Сондай-ақ көлікте 1986 жылғы жолаушы болыпты.
Автокөлікті тексеру кезінде 1 тонна тиісті құжаттарсыз 1 тоннадан жоғары бағалы тұқымды балық табылған.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта осы фактіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 196 бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған.
Версия для печати
Пікір үстеу