Рүстем ҚАЙЫРТАЙ: «Қос аяқты шайтан мініп жүр демесін деп…»
5 наурыз күні Орал қаласында «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Осы атйыста түркістандық Бекарыс Шойбеков пен Алматы қаласы атынан шыққан Рүстем Қайыртайдың жұбы көрерменді өзіне бірден үйіріп әкетті. Бұл жұп берілген тақырыпқа орай ұтымды сөзбен ой жарыстырды. Қазіргі қоғамдағы өткір мәселелер – ана тілімізге құрмет, дәстүрлі дінді сақтау, жер мен жол секілді алуан тақырыптар әсіресе, Рүстемнің аузынан жыр шумақтары болып төгілді. Сондай-ақ ақындар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын айтыстарына арқау етті. Бекарыстың Алматы әкімінің велосипедпен жүру туралы бастама көтеріп, тұлпар мінуге қатысты айтпағанын тілге тиек еткен шумақтарына Рүстем Қайыртайдың жауабы:

« …Басшымыз айтқан сөзді елесе деп,
Кептелістің тасқынын бөгесе деп
Бір шетте жүрсің бе деп велосипедпен,
Жоқ аға, өйткен жоқпын егесе кеп,
Әкімім велосипедке мінбесе де
Дейсіз бе мінбейтінін неге себеп?!
Аға, оның мәнісі әрі де ғой.
Жаңа себеп емес ол, көне себеп.
Тақымың болмай-тұғын темір вип
Су ішіп, майын құйған жемесе деп.
Содан ба екен қазекем шайтан арба
деп ат қойыпты кеңесе кеп.
Елбасы мақаласын жақсы айттыңыз,
Жылқы жайлы жазғанын көрсе екен деп.
Туристер көп келетін Алматыға
Амалсыз мінбей жүрмін велосипед.
Төрт аяқты атқа мінген қайран қазақ,
Қос аяқты шайтан мініп жүр демесін деп.
…Жылқы деген қазақтың жолдасы еді
Ерлермен бірге жасап келе жатқан.
Хандарда қара қасқа тұлпар бопты
Қырық күн жем жеместен желе жортқан
Байшұбар Алпамысты жауға бермей,
Тайбурыл Қобыландыны демеп отқан.
Абылай Алшанбозбен ел бастаса,
Қабанбай Қубас мініп, беделі артқан
Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай,
Сол өнерді баптаған сирек аттан.
Сұмдықтың бәрін білген Голощекин
Жылқыларды жиып ап жерден атқан
Айырып азаматты қазанаттан
Жазықсыз жұртты сонда жазалатқан», – деп тарихты қозғады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу