8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Сәуір 2019 1844 0
Жалын

ОРАЛДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР ХАЛЫҚАРЛЫҚ БАЙҚАУДАН ҮШ АЛТЫН АЛДЫ

Оралдық зияткерлер Алматы қаласында өткен «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық конкурсынын жүлдемен оралды. 11-сынып оқушысы Ержан Жамашев пен 10 сынып оқушысы Данияр Жарқынұлы «Компьютерлік бағдарламалау», ал 9-сынып оқушысы Эламир Қадыргалеев «Жабдықтарды басқару жүйесі» секцияларында алтын медаль иеленді.

Ержан мен Даниярдың бірлескен «Mojidet» жобасы – қызмет көрсету сапасын анықтаудың автоматтандырылған жүйесі. Арнайы камераның көмегімен тұтынушының көңіл-күйін білуге болады. Жас бағдарламашылардың айтуынша, аталған жобаны мектептің оқушыларынан құралған команда дайындады.

– Жазда акселерациялық бағдарламаға өтінім бермекпіз. Бұдан кейін жобамызды дайын өнім ретінде ұсына аламыз, – дейді  Данияр.

– Идея көп. Біз тек жоба жұмыстарымен айналысып қоймай, мектеп оқушыларын қатарымызға қосылуға шақырамыз. Ол үшін арнайы клуб ашқымыз келеді, – дейді алдағы жоспарымен бөліскен Ержан.

Айта кету керек, қос зияткерге Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты тағайындалды. Сонымен қатар Ержан Сүлеймен Демирел атындағы университетте оқуға 50% жеңілдік алды.

Сайыстардан жүлдесіз қайтпайтын Эламирдің «Novel.Oculos» деп аталатын жобасы көзі көрмейтін жандарға арналған. Арнайы бағдарлама айналадағы заттарды  тануға мүмкіндік береді. Жаңашыл оқушының бұл жобасы қазылар тарапынан жоғары баға алыпты.

Халықаралық конкурста Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. елдерден келген қатысушылар өз жобаларын таныстырды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
124 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
193 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
233 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
271 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»