8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2019 1843 0
Өзек

111 ТЕХНИКА ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ (ВИДЕО)

БҚО ТЖД мәліметінше, бір тәулік ішінде облыс аумағында 111 бірлік техника тазартылған жолға шығарылып, 218 адам құтқарылған.

Батыс Қазақстан облысында ақ түтекке байланысты көптеген көліктер қар құрсауында қалды. 18 ақпан күні басталған боран 19 ақпанда да жолдарда көліктің қозғалысына қиындық тудырды.

18 ақпан күнгі кешкі сағат 21.00-ден 19 ақпан күнгі түскі 12.00-ге дейін БҚО ТЖД, Жедел құтқару жасағы және жергілікті атқару орган өкілдерінің көмегімен Бәйтерек ауданы аумағында 14 жеңіл автокөлік қар құрсауынан тазартылған жолға шығарылды. Автокөліктерде 20 адам болған.

19 ақпан күні сағат күндізгі 11.19-да Ақжайық ауданы, Орал-Атырау трассасының 175 шақырымында «Газель» көлігі шығарлып, жүргізушісі эвакуацияланған.

19-ынан 20 ақпан қараған түні сағат 00.30-да Бәйтерек ауданы Орал-Саратов автожолының 45-ші шақырымында ТЖД күшімен жүк көлігі және 4 жеңіл көлік тазартылған жол бөлігіне тартып шығарылды. Бұл көліктерді 17 адам болған. Олардың үшеуі – бала.

Сондай-ақ түнгі 01.05-те Тасқала ауданы аумағында Орал-Саратов трассасының 96-104 шақырымы аралығында жедел құтқару жасағының құтқарушылары  мен «ҚазАвтодор»  қызметкерлері жолаушылар автобусын, 5 жүк Газелін және 57 жеңіл автокөлікті шығарған. Бұл көліктерде жалпы 181 адам болған. Олардың 16-сы балалар. 38-і Өзбекстан Республикасының азаматы.

–Құтқару жұмыстары кезінде азаматтық қорғау қызметкерлері адамдардың өмірін қиюы мүмкін өрттің алдын алды. Анықталғандай, өзбекстандық азаматтар да автобус салонын жылыту үшін өзерімен бірге плитка және газбаллон алып бара жатқан. Естеріңізде болса, осындай өр  қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан Ақтөбе облысында 50-ден астам адам автобуста жанып кеткені болатын,  – дейді БҚО ТЖД баспасөз қызметкері Ж.Құсайынов.

Жыл басталғаннан бері қар құрсауынан 809 адам құтқарылып, 182 адам эвакуацияланған. 380 техника шығарылған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»