8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Маусым 2026 85 0
Мәдениет

400 мыңнан астам кітап қоры бар

Осы айда Казталов ауданына іс сапармен барған кезімізде Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік ҚАЙЫРЛИЕВті сөзге тартып, соңғы жылдары ауданда жасалып жатқан мәдени жұмыстарды сұрап-білген едік.


Ұлт руханиятының өзегі саналатын мәдениет саласы қай қоғамда да ерекше маңызға ие. Бұл бағытта Казталов ауданында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. 2026 жылдың алғашқы бес айында ауданда 522 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оған 33 300 тұрғын мен қонақ қатысты. Түрлі мәдени шаралар тұрғындардың рухани өмірін байытуға бағытталды. Ұлттық өнерді дәріптеп,  тұлғалардың мұрасын насихаттапжәне туған жерден шыққан азаматтардың өнегелі өмір жолын кейінгі буынға үлгі ету мақсатында танымал актер, режиссер, жерлесіміз Тельман Имашевтың есімін Казталов аудандық халық театрына  бердік. Бұл шешім марқұм Тельман ағамызға аудан жұртшылығының құрметі деп білемін. Талантты азаматтың  шығармашылық мұрасын сақтап, насихаттау біздің борышымыз, – деді сұқбат барысында С. Қайырлиев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыру мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  түрлі мәдени-ағартушылық жобаларды қолға алуда. Солардың бірі – «Мен оқыған 30 кітап» байқауы. 2023 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп тұратын бұл жобаға  оқушылар белсенді қатысқан. Үш жыл ішінде байқаудың аудандық кезеңіне 147 оқушы атсалысып,  облыстық кезеңге  12 аудан мен Орал қаласынан үздік оқырман іріктеліпті.

Ауданда кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында «Жылдың үздік оқырманы» байқауы,  Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік шаралар және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы  тұрақты өтіп тұрады. Биыл көпшілік оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша түрлі форматтағы әдеби-танымдық іс-шаралар өтуде. Жұбан кітапханасының 155 жылдығы шеңберінде қолғаалынған «Бір кітап – шексіз мүмкіндік» жобасы оқырмандарға әдеби мұраны жаңа форматта таныстыруға жол ашса, «Бас кітапхана – ортақ мұра, ортақ тарих» жобасы аясында «Өткенді сақтай отырып, болашаққа беттеген Жұбан кітапханасы» мәдени шарасы кітапхана тарихын дәріптеуге арналмақ.

    Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 38 кітапхана үзбей жұмыс істеп тұр.  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен Казталов аудандық орталық кітапханасы, Жалпақтал және Ақпәтер ауылдық модельді кітапханалары заман талабына сай жаңартылған.

Қазіргі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қорында 400 мыңнан астам кітап қоры бар. Жыл басынан бері кітапханаларда түрлі бағыттағы 600-ге жуық мәдени-көпшілік іс-шара өтіп, оқырман үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Алдағы уақытта да кітапхана қорын Ақ Жайық өлкесінен шыққан барша қаламгердің кітабымен толықтырып, жастарға кеңінен насихаттайтын боламыз, – деді аудан әкімінің орынбасары С. Қайырлиев.

                                                    Жазып алған Ә.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,

                                                            «Жайық ҮНІ»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
85 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
181 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
219 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
259 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»