8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қазан 2025 3643 0
Қоғам

Оралда полицейлер «Заң мен тәртіп» атты фотокөрме ұйымдастырды

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен Asia Mall сауда орталығында «Заң мен тәртіп» атты фотокөрме өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын арттыру, тұрғындармен тығыз байланыс орнату және тәртіп сақшыларының күнделікті қызметін кеңінен таныстыру болды. Көрмеде полиция қызметкерлерінің жұмыс барысындағы сәттері, марапаттау рәсімдері мен қоғамдық тәртіпті сақтау кезеңдерінен түсірілген фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылды.

Келушілер жедел әрекет ететін арнайы жасақ, патрульдік полиция және криминалистика қызметі мамандарымен тілдесіп, айғақтарды жинау мен сараптама жүргізу үдерістері жайлы жан-жақты мағлұмат алды.

Сондай-ақ полиция қатарына қызметке орналасу тәртібі туралы ақпарат берілді.

Қонақтар мамандарға сауалдарын қойып, пікір алмасты және қоғам мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Көрме соңында келушілер тәртіп сақшыларымен бірге естелік суретке түсіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
100 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
190 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
229 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
268 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
347 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»