Медициналық ынтымақтастық: Батыс Қазақстан мен Корея клиникасы меморандумға қол қойды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Квандонг университеті жанындағы Халықаралық клиниканың («Святой Марии», Оңтүстік Корея Республикасы) президенті әрі бас директоры Ко Дон Хён мырзамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Екі жақ тарап бірқатар маңызды бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Атап айтқанда медициналық тәжірибе мен ақпарат алмасу,
– халықаралық жобаларды жүзеге асыру;
– заманауи емдеу әдістері мен технологияларын енгізу;
– қазақстандық медицина қызметкерлерінің Кореяда білімін жетілдіру;
– күрделі аурулар бойынша кәсіби консультациялар ұйымдастыру бойынша өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Нариман Төреғалиев халықаралық әріптестіктің аймақтық медицинаны дамытудағы маңызын атап өтіп, бұл байланыс өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға оң ықпал ететініне сенім білдірді.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру