8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2023 1720 0
Бәрекелді!

Рухани ұрпақ – ел тірегі

 

2022 – 2023 оқу жылы да мәресіне жетті. 1 маусым күні еліміздің барлық мектебіндегідей қаламыздағы №41 мектеп – лицейінде де соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын болды.

Салтанатты жиынға қала әкімі Миржан Сатқанов қатысып, аталмыш мектептің ұстаздар қауымы мен оқушыларын құттықтап, үлкен өмір жолына сәттілік тіледі.

Жиында сөз сөйлеген мектеп директоры Айтжан Даумова өткен оқу жылындағы білім сапасына,мұғалім мен оқушылардың жетістіктеріне тоқталып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан түлектердің бір топ ата – аналарын Алғыс хатпен марапаттады.

Бұдан кейін қала әкімі Миржан Сатқанов: Сендер – бақытты ұрпақсыңдар. Сендерге деген қамқорлық, қолдау және үлкен сенім бұрынғыдан да артатын болады. Президентіміз Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында айтқандай, қазіргі заман – мүмкіндіктер заманы, өсемін, білім аламын деген жастарға барынша жағдай жасалған.Өзім де осы мектеп түлегінің ата – анасы ретінде білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға ата –аналар атынан ризашылығымыды білдіремін.

Құрметті мектеп түлектері, сендер келешегінен мол үміт күттірген жас ұрпақ ретінде жаңа өмірге қадам басқалы тұрсыңдар.Елдің,ата – аналарыңның сенімін ақтағайсыңдар. Болашақтарың жарқын,жолдарың ашық болсын!-деді Миржан Мұнайдарұлы.

Жиынның соңында түлектердің қоштасу әні мен қоштасу вальсі тебіреністі сәттердің бірі болды.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
67 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
150 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
206 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
268 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
300 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»