Ұландықтар жарады!
Ұландықтар Орал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады.
Күн сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерінің жауынгерлері Ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің барлық қалаларында қоғамдық тәртіппен ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл оқиға 26 мамырда сағат 21:30 шамасында орын алған.
Орал қаласының тұрғыны С.Киров атындағы демалыс саябағында ойнап жүрген үш жастағы қыз баласын таба алмай, саябақты аралап іздеп шығады. Осы сәтте демалыс саябағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтарды көріп, дереу қастарына келіп болған мән-жайды айтып түсіндіреді. Ұландықтар ақпаратты барлық әскери жасақтарға жеткізіп, азаматтың өтініші бойынша бағдар алып, шұғыл іздеуге кіріседі. Арада жарты сағат өткенде әскери жасақ бастығы қатардағы Ислам Еділбаев, патрульші қатардағы Азат Абдусубанов жылап жүрген қыз баланы байқайды. Жақындап сұрастыра келе, оның адасып жүргенін анықтайды. Әскери қызметшілердің жедел әрекетінің арқасында табылған бала жақын маңдағы полиция пунктіне жеткізілді.
Баласымен аман-сау қауышқан қыздың әкесі тәртіп сақшыларына шексіз ризашылығын білдірді.
Ертуған ӘУБӘКІР, капитан
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Кіру
Пікір үстеу